Ерке Есмахан болашақта толыққанды жанұясының болғанын қалайды
Жуырда ғана тыңдарманына жол тартқан Ерке Есмаханның «Әйел бақыты» әні мен бейнебаяны көпшіліктің талғамынан шықты. Әйел баласының өмірдегі мақсаты мен міндетін түсіндіріп, бақыты туралы сыр шертетін туындыға халық жоғары бағасын беруде. Ерке Есмахан әннің туу тарихын айтып берді. Әнші бұл өлеңді өз өмірімен байланыстырады.
Ерке Есмахан әйел затының бақыты туралы ән жаздыруды бұрыннан армандаған. Тек оны жүзеге асырудың сәті енді түскен. Бір қызығы, әншінің түпкі ойын бір әнге ер азаматтар сыйдыра білген. Композитор Қуаныш Құрманбай мен ақын Қайнар Алагөзовтің қаламынан туған әннің Еркенің репертуарында алар орны ерекше болмақ.
«Әні Қуаныш Құрманбай деген композитордікі, өзімнің идеям болған. Әнді таңдап қойғанмын, бірақ сөзі дайын болмады. Содан кейін өзімнің өнердегі бауырым, досым Қайнар Алагөзов сөзін жазып берді. Екеуміз кездесіп, мен оның мағынасы осындай болу керек деп түсіндіргенмін. Адамдар осылай қабылдау керек деп. Қайнар менің ойымдағыдан да асыра жазып берді, бәрін түсініп. Жігіт те қыз баласының мұңын түсіне алады екен. Бір жағынан кей жерлерінде ер азамат сияқты айтқан тұстары болды. Мен бірақ оны өзімнің атыма қарай өзгерттім. Бірақ ақын ретінде ол бұл әнді естігеннен кейін қатты риза болды», – деді Еркенің өзі «Әйел бақыты» бағдарламасына берген сұхбатында.
Әнші бұл әнді барлық ана-апаларға, әпке-сіңлілеріне арнайтынын жеткізді. Одан бөлек, аталмыш туындының өз өміріне қатысты екенін жасырмады.
«Өзімнен кейінгі сіңлілеріме үлгі болсын деген оймен жазылған ән. Әйелге тек қана мансап, әшекей-бұйымдар бақыт сыйламайды. Бақыт сыйлайтын ол отбасың, бала-шағаң, солардың күліп жүргені бақыт сыйлайды. Клипке өзімнің ұлым Мүсілім түсті. Пішінәйімнің қасында кішкентай қыз бар және де жігіт бар. Бұл менің қиялымнан туған. Болашақта өзімнің толыққанды жанұям болады деген арманым бар. Болашақта бұйырсын, сіздер маған баталарыңызды беріп, «әумин» деп қойыңыздар», – деп жалғады сөзін Ерке.
Естеріңізде болса, жуырда Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянын ұсынған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмаханның Оралдағы концерті өтпей қалды
Есентаеваның жаңа фильмінде кезінде «Махаббат бекетінде» ойнаған актерлер бой көрсетеді
Достық жайлы өлең оқыған Артур Төлепов қыздарды өзіне ғашық ете түсті (видео)
Тоқтардың анасы: Бейбітті әйелдікке алмаса ұлыма ренжитін едім