Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан ата-анасының “алтын тойын” концерт сияқты өткізді (видео)

Ерке Есмаханның отбасында дүбірлі той! Отасқанына 50 жыл толған Еркенің ата-анасы “алтын тойларын” дүркіретіп өткізді.

ерке есмаханнын ата анасы 310717

Бұл туралы Еркенің өзі жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Әбдіраш ақсақал мен Мақпал әжейдің тойына Ақылбек Жеменей, Ғаділбек Жанай, Қуандық Рахым сынды өнер иелері қатысты.

Бір қызығы, “Алтын той” қымбат мейрамханада емес, Есмахан әулетінің қара шаңырағында, үй ауласында атап өтілді. Мұны көрген жұрт әншінің қарапайымдылығына тәнті болды.

“Алтын тойды” әнші Ақылбек Жеменей бастап берді.

Той барысында Әбдіраш ақсақал мен Мақпал әжей Ғаділбектің “Ханшайым” әніне вальс билеп, көпшілікті сүйсіндірді.

Ал Ақтөбеге домбырасын арқалай барған Қуандық жыр-термеден шашу шашып, қошеметке бөленді.

Сондай-ақ, алтын той иелерінің немерелері де өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Ата-әжесіне ән арнаған бүлдіршіндердің арасында Ерке Есмахан мен журналист Асхат Садырбайдың ұлы Мүслім де бар.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

“Нұр-Мұқасанның” жігіттері қайта татуласты

Ерке Есмахан ұлының әкесімен кездесуіне рұқсат берді

Бейтаныс еркекпен секіріп би билеген Ерке Есмахан желіні шулатты (видео)

Талқылау