Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан үнді актеріне хат жазбақ

Ерке Есмахан инстаграм әлеуметтік желісі арқылы үнді актеріне хат жазбақ. Оның бұл әрекетіне отандық фиьмдердің бірі себеп болған екен.

15539031_380134762323344_762029581740802048_n

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ерке Есмахан Нұрлан Қоянбаевтың “Бизнес по-казахский” атты туындысына қатысты пікірін білдірді. Ол аталған фильмнің өзіне қатты ұнағанын айтып жатыр. Тіпті, осыған орай үнді актері Сидхартх Шуклаға хат жазбақ. Естеріңізде болса, ол “Келін” фильмінде Анандидің күйеуін сомдаған-ды.

“Жаңа фильм шықса, қалмай барамыз ғой, әйтеуір. Шетелдігі де, басқасы да бар. Отандық фильмдердің ішіндегі ең керемет ұнағаны осы “Бизнес по-казахский” болып тұр! Күлдіртіп тұрып астарына “тәрбиелік мән” берген, актерлер мен музыка жағын дәл тапқан! Басқа да көз тойып, мақтауға сөз жетпей тұрған тұстары көп! Бұл менің ғана пікірім емес, залдағы xалықтың эмоциясынан-ақ түсінуге болатын жәйт! Зал лық толы болды. Киноның басынан-аяғына дейін xормен күліп отырдық! Осы кино “рекордтық көрсеткіш” көрсетіп жатқанына көз жеткіздім!

Қысқасы, Нұрлан мырза, жарадыңыз! Сізге көп раxмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Бастамасы сәтті, әрі қарай тек алға! Барлық ұжымға “жарайсыңдар” дегім келеді! Чакраборти ағаның дайриктісіне жазып жіберермін мақтауымды. Күтіп жүрген шығар, менің xатымды! Барлықтарыңызға осы “Бизнез по-казаxски” киносын барып тамашалауға кеңес беремін!” – деп жазады Ерке Есмахан.

Әншінің бұл сөздерін желі қолданушылары да қоштай түсті. Олар да аталған фильмге қатысты жағымды пікірлерін білдіре бастады.


Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаеваға тон ұрлады деген жала жабылды

Тыңдарманы Мақпал Жүнісоваға домбырамен ән арнады (видео)

Ұлын қырқынан шығарған Мөлдір Әуелбекова жұмысқа кірісті (фото)

Жәния Джуринская 10 жасар жиеніне құрбысынан өш алуға кеңес берген

Ердос Қанаев өзін тыңдармандардан қызғанатын келіншегін сабырға шақыратынын айтты

Талқылау