Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан өзінің өлімі туралы ақпарат таратқандарға жауап берді

Ерке Есмаха өзінің өлімі туралы ақпарат таратқандарға жауап берді. Желіде Ерке Есмахан қайтыс болды деген ақпар тарады. Әнші жанкүйерлеріне ренішін білдірді. 

"Бүгін менің анамды, бауырларымды, жақындарымды, достарымды, тыңдармандарымды қорқытып, осындай жалған жаңалық таратқан адамдарды бір Аллаға тапсырдым! Маған соңғы кездері айтылып жатқан сөз көп, менің көңілімді түсіру үшін, жеке өміріме араласу үшін ойына келгендерін істеп жатқандарда көп! Енді бәрін қойып осындай қарғысқа көштіңіздер ме? Айтарға сөзім жоқ! Фанат болумен адам болуды шатастырыпсыздар!
Мен бәрібір ешкімге жамандық тілеп өзімнің таза, пәк жүрегімді ластамаймын! Бәріңізге тек жақсылық тіледім! Аман болыңыздар!", - деп жазды әнші желіде.



Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері сәттілік тілеп, ақ тілегін жаудырды.

"Алла сақтай гөр. Ғұмырың ұзақ болсын, Еркежан", деп жазды Алтынай Жорабаева. 

"Сұмдық", - деп жазды Жәния Джуринская. 

"Алла сақтасын! Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле!!", "Бойдақтар - үйленсін! Үйленгендер - үйлі болсын! Үйлі болғандар - үбірлі-шүбірлі болсын! Жұмыссыздар - жұмыс тапсын! Қыздар - ана болсын! Ұлдар - әке болсын!
Әмин деген адамның тілегі қабыл болсын!", "Мә, жүрегім ауырып кетті ғой. Жасыңыз ұзақ болсын", - деп жазды желідегілер.

Талқылау