Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еріндерінде граната жарылғандай": Динара Сұлтан пластикалық ота туралы

Динара Сұлтан пластикалық ота туралы пікірін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еріндерінде граната жарылғандай

Танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жас қыздардың пластикалық ота жасап, әдемі көрінгісі келетіні туралы айтты. Ол төс өсіріп, ерінді үлкейткенше спортпен айналысып, денсаулығыңды, болашақ перзенттеріңді олап, құдайдың бергеніне шүкір деген жөн екенін айтты. Оның үстіне, пластикалық отаның барлығы сәтті шыға бермейді дейді өнер иесі. 

"Жас қыздардың пышақтың (пластикалық ота) астына жатуы дұрыс емес деп ойлаймын. Табиғи әдемілік әр адамға берілген. Сол табиғилықты қалайда ұзаққа созуды ойластыру керек. Ол меніңше спорт, дұрыс тамақтану, бет терісіне массаж, маскалар жасау. Және өз-өзіңмен гармонияда болу. Ал жас қыздар болса жүгіріп ерінін өсіреді, артық майын сорғызады, көкірегін үлкейтеді. Осы оңай және тез жолы екен деп кейде алданып қалып жатады. Иә, кейде сәтті шыққан дүниелер де бар шығар. Бірақ, мен үшін бәрі бір-біріне ұқсап кеткендей", - дейді Динара Сұлтан.  

Сонымен қатар, Динара Сұлтан өзінің сұлулығының құпиясымен бөлісті. Тұрмысқа шыққанға дейін ол да сұлу болу үшін әртүрлі қадамға  барған. Алайда, артынша ес кірген кезде бәрінің бекер екенін түсінесің. Адамның өзіне көңілі толу үшін, сыртқы емес, ішкі әсемдік мағызды дейді ол. 

"Бір кісі айтқандай "Еріндерінде граната жарылғандай" деп. Мен өмірімде өзіме ештеңе жасатпадым деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Жастықтың буымен шашыма тыным бермегенім бар, неше-түрлі түске де боядым, қидым, өсірдім. Қасыма мода деп татуаж да жасаттым. Одан ол татуажбен алысып, лазермен кетіріп, қасымды бірнеше жыл өсірдім. Тұрмыс құрғаннан кейін бәрі басылды, шашымды 23 жасымнан бастап боямадым, өсірдім. Өз-өзіме риза болдым. Былтырлары қатты арықтап кетіп, бірнеше укол салдыртқаным болмаса", - дейді Динара Сұлтан. 

Сонымен қатар, Динара Сұлан табиғи сұлулығын сақтап қалғанын айтып мақтанды. Ол ешқандай ота жасатпай-ақ әдемі екенін жеткізген. Алайда, әншінің бұл сөзіне көп адамдар сенбейтін көрінеді. 

"Кәзір 32-жасымда шашым да, қасымда, кірпігім де, ерінім де, көкірегім де өзімдікі деп айтсаң ешкім сенбейді ғой. Егер бет-әлпетте деффект болса, шрам, туылғаннан бір бұрыс нәрсе өміріңе кедергі келтіретін болса, онда жасату керек. Бірақ жас, әдемі, қазақ қызы, өз табиғи әсемдігіңізді ұзаққа сақтап қалуға тырысыңыз", - дейді Динара Сұлтан. 

Талқылау
Пікір
654490
24 Мау, 20 жыл - 13:33

Дұыс жасаған. Осы сияқты дұрыс пікір айтатын адамдардың сұхбатын салыңыздаршы.