Еріктілер Оралда жоғалып, кейін денесі табылған баланы іздеу туралы егжей-тегжейлі айтып берді
Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланы іздеуге қалалық полицияның барлық құрамы, 50 әскери қызметші, мұғалімдер мен еріктілер атсылысты. Еріктілер Сұлтан Мулласет пен Талғат Чудабаев олардан әлеуметтік желілер арқылы көмек сұрағанын айтты.
"Кешке қарай іздей бастадық. Нұсқалардың бірі - оның автобуспен кету мүмкіндігі, соңғы аялдама полиция департаментінің жанында. Біз сол жерге бардық, стелаға қарап, бүкіл орманды араладық. Нәтиже болған жоқ", - деді Мулласет "Мой город" басылымына.
Ол таңертеңге дейін сонда қалған. Жоғалған баланың анасы да. Таңертең іздеу жұмыстары қайта басталды - оларға жергілікті тұрғындар да қосылды. Нәтижесінде баланың денесі 6 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 10-да табылды.
Талғат Чудабаев құрылыс алаңына көтерілгенін, бірақ баланы ешжерден көрмегенін айтты.
"Құрылыс алаңына келетін болсақ, үлкен сұрақ туындайды: қоршау жоқ, жоғары вольтты кабель ілулі тұр. Балалар жанында ойнап жүр, кез келген уақытта қашып кете алады", - деп атап өтті Мулласет.
Полиция баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін айтты. Тәртіп сақшылары сот - медициналық сараптама тағайындады.
Еске салайық, Оралда 9 жасар баланың туыстары оның жоғалғаны туралы мәлімдеді. 5 қыркүйекте сағат 17:40 шамасында бала "Ескі әуежай" ықшамауданындағы Самал көшесі, 94-үйден шығып кеткен, содан бері қайтып келмеген.
Баланың 1-ші топтағы мүгедектік, сондай-ақ Даун синдромымен ауыратыны белгілі болды. Сондай-ақ, ол дұрыс сөйлей де алмаған.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
