AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

45 мыңнан астам қазақстандық БЖЗҚ-ға ерікті зейнетақы жарнасын аударады: Бұл қандай жарна?

Қазақстанда 45 334 адам ерікті зейнетақы жарнасына салым жасайды. Ерікті зейнетақы жарналары – бұл салымшылардың өз бастамасы бойынша БЖЗҚ-ға салатын ақшасы.

Қазақстанның кез келген азаматы ерікті зейнетақы жарнасын аудара алады. Мұндай салымдарды жеке тұлғалар өз пайдасына салу мүмкіндігі бар. Оған қоса, жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы жарнасын үшінші бір адамның атына аударуына болады. 

Сіз туған-туыстарыңыздың немесе жақындарыңыздың атына да ерікті зейнетақы салымын жасай алады.

Мәселен, үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысып, жұмыс жасамайтын, сәйкесінше зейнетақы салымдары жоқ әйелдер үшін күйеулері немесе жақын туыстары ерікті зейнетақы салымын сала алады. 

Оған қоса, келісімшартқа отыру арқылы жұмыс беруші де қызметкеріне ерікті зейнетақы жаналарын төлесе болады. Зейнетақы жарнасының мұндай түрінде қызметкердің қанша жалақы алатыны маңызды емес. Жұмыс беруші оның жұмыс істеу деңгейіне байланысты әр айда әртүрлі мөлшерде салым жасай алады. 

Ерікті зейнетақы жарналарын салатын уақыт пен қаражат мөлшерін салымшының өзі шешеді. 

Ерікті жарналар есебінен құралған зейнетақы жинағының басқа зейнетақы жинақтарынан айырмашылығы –  оны зейнеткерлік жасқа толмай жатып алуға болады. Алайда "БЖЗҚ" АҚ мәліметінше, ерікті жарналар есебінен жиналған қаражатты тек:

- 50 жасқа толған адамдар;

- мүгедектер;

- Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кететін адамдардың мерзімінен бұрын алуға құқылы.

Сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың басқа елге кету себепті тиісті құжат ұсынған жағдайда алуына мүмкіндік бар.



Оған қоса, ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы жүйесінде кемінде бес жыл болған барлық адамдар ала алады. Сонымен қатар ерікті жарна есебінен жиналған қаржысы бар адам қайтыс болған жағдайда, қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жақын адамдарына мұраға қалдырылады.

Ескеретін жайт, жұмыс берушілер міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын қорға аудару кезінде оларға жеке табыс салығы салынбайды. Салық зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарды төлеу кезінде ұсталады.

Ерікті зейнетақы жарнасын салу үшін шотты қалай ашуға болады?

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақылық қамсыздандыру туралы шарт жасасу БЖЗҚ-ға жеке өзі салымшы, салымшы және алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхаттың негізінде кәмелетке толмаған тұлғаның заңды өкілі, сенімді өкілі жүгінген кезде жүзеге асырылады.

Шарт жасау үшін: 

-  алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

- жарғының көшірмесі және көзбен көру үшін оның түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- ЭЦҚ бар анықтаманың көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және көзбен көру үшін оның түпнұсқасы;

- сенімхатсыз клиент атынан әрекет ететін, соның ішінде ақшамен және  басқа мүлікпен операциялар жүргізу үшін заңды тұлғаның құжаттарына қол қоятын лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;

- Өз пайдасына ЖЗШ ашу кезінде агенттің жеке басын куәландыратын құжаттың тұпнұсқасы; 

- заңды тұлға атынан құжаттарға қол қоятын, ақшамен және басқа мүлікпен операциялар жүргізетін лауазымды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың тұпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- мемлекеттік лицензияның көшірмесі;

- агенттің банктік деректемелері, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды қажет. 

Ерікті зейнетақы жарнасына екінші деңгейдегі банктер немесе "Қазпошта" АҚ арқылы салым жасауға мүмкіндік бар. Ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына жинақтаған қаржысын салымшы қандай мақсаттарға пайдаланатынын өзі шешеді. Себебі, бұл қаражат оның меншігі.  

Еске салсақ, Қазақстанда 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,3 млрд теңгеге жетті. 2021 жылдың төрт айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына ЕЗЖ бойынша жалпы көлемі 216 млн теңге аударылды.

БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 45 334 бірлікке тең.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр