"Күйеуім - қазақ": ВиаГра тобының экс-солисі Қазақстанға не үшін келгені, қазақтың тойына шығу, тоқал болу жайлы айтты
Ресейлік ВиаГра тобының экс-солисі танымал әнші Эрика Герцег Қазақстанға көшіп келген. Елге көшкеннен кейінгі шығармашылығы мен мансап жолы, қазақ күйеуімен ара қатынасы, отандық лейблмен жұмысы жайлы әнші сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.
Эрика Герцег - украиналық әнші, ұлты - венгр. "ВиаГра" танымал поп музыка жанрында өнер көрсететін топта 7 жыл ән шырқаған.
Соңғы сұхбаттарында Эрика Герцег Алматыға көшіп келгеніне бір ай ғана болса да, ұзақ мерзімді жоспарлары бар екенін жеткізген еді.
"Кездесулерім көп. Күнде жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс тәртібім күрделі, мұндай қысылтаяң тек осыдан 4-5 жыл бұрын болған. Бастапқыда қиын болғаны рас. Алайда Қазақстанда адамдар тарапынан қонақжайлылық пен мейірімділікті сезінемін, осылайша шаршағаным басылады", - дейді әнші.
Әнші қыз Қазақстанда өзін ерекше жайлы сезінетінін айтқан.
"Қазақстанға келер алдында мені Венгрияға Х-факторға әділқазы болуға шақырды. Содан кейін Мәскеуде шығармашылығымды жалғастырмақ болғанда клиптерімнің, әндерімнің ойдағыдай шықпай жатқанын түсіндім. Осылайша, Қазақстанға келдім", - дейді ол.
Айтуынша, оны Қазақстанға күйеуі ертіп келген, ал оның ұлты - қазақ. Олардың қарым-қатынасына үш жыл болған. Алайда олар заңды некеге тұрмаған.
"Күйеуіммен үш жыл бұрын іс-шарада таныстық. Бірден тіл табысып кеттік. Кейде біреуге қарап өз адамым деп ойлайсың. Мені ішкі түйсігім алдамады, себебі мен онымен бірге бақыттымын. Күйеуім менің өмірімдегі ең қымбат адам. Ресми түрде некеге отырмасақ та, маған оны осылай атау үшін құжаттағы штамп қажет емес", - дейді ол.
Айтуынша, екеуінің жас айырмашылығы - 1 жас. "Өзі сымбатты, талантты, кәсіпкер ер адам" - , дейді әнші.
Эрика Герцег өзіне қатысты жиі айталатын сынға да жауап берді. Қазақстандықтар оны бай кәсіпкердің тоқалы деп есептейді екен.
"Екінші әйел болу деген нәрсеге қарсымын. Өте қызғаншақ адаммын. Таңнан кешке дейін күйеуім маған жазып, қалымды біліп отырады. Екеуміз сөйлеспей ұйықтамаймыз. Ұзақ смс-тер жазып, махаббатын білдіріп жатады. Ара қатынасымызға үш жыл болды. Күйеуім маған сенеді, сондықтан да менің қасымда", - дейді ол.
- Сати Казанова Назарбаевтың күйеу баласымен болған махаббат хикаясы туралы айтып берді
- "Қазақты таңдаған өздеріңе обал жоқ": Америкалық жігітке тұрмысқа шыққан жамбылдық қыз ұлтаралық неке туралы
Өзі жайлы "композитор Константин Меладземен қарым-қатынаста" деп тараған қауесетке қатысты Эрика былай дейді:
"Бұл жаңалықтарды естігенде күйеуім екеуміз ұйықтайын деп жатқанбыз. Қатты шошып жылап жібердім. Жуынатын бөлмеге барып, терең тыныс алдым. Күйеуімнен көңіл-күйімді жасырмақ болдым, алайда ол бәрін түсініп қойды. "Не болды?" деп сұрады. Отбасыңда проблема болып жатыр ма? деген сынды сұрақтар қойды. Сары басылым мен жайлы жазып жатыр дедім. Көрсетуін сұрады. Қарап, оқып шығып: "Пиар! Қуансаң болады, саған тегін пиар жасап жатыр. Отырған орныңда жарнама болды деді", - дейді Эрика Герцег.
Айтуынша, бұл жағдайды келеңсіздік деп есептейді әрі Вера Бреженевамен де жақын таныс емес екенін айтады.
Қазақстанға келіп ұлттық тағамдарды үйренгісі келіп жүргенін де әнші жасырмады.
"Украиналық борщ пен венгерлік гуляшты өте дәмді әзірлеймін. Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйренемін деп шешкен болатынмын. Енді қазақтың бешбармағын жасап үйрену қалды. Маған, әсіресе, жылқының етімен ұнайды", - дейді ол.
"Екі елдің менталитеті әртүрлі болғанымен, бәрімізді Құдай әртүрлі етіп жаратқан және бұл қалыпты нәрсе.
Орыс тіліндегі акцентіме қатысты көп адам шағым айтып жатады. Мен тілді үйреніп жүрмін, достар. Ал әннің текстін алдын ала жаттап аламын", - дейді ол.
Эрика Герцег әндерін алдағы уақытта қазақша шырқауға қарсы емес екенін жеткізді.
"Бір әнімнің жартысын қазақ тілінде жазамын деп шештім. Сондықтан күтіңіздер. Жаңа әнімде венгерше де айтамын", - дейді ол.
Әнші әзірге қазақстандық әншілермен бірлесіп айту жайлы нақты шешім қабылдай қоймаған. Бірақ Димаш Құдайбергеновты аса қатты ұнатады, ол нағыз әртіс деп есептейді.
Сондай-ақ, Эрика Герцег өзінің тойға шығуға қарсы емес екенін айтты. Сөзінше, оның ауылында да қазақтың ұлан-асыр тойлары сияқты 800 адамдық тойлар жиі өтеді.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
