Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ERG-ді сынайтындар не туралы жақ ашпайды? ERG-дің Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі 5 көрсеткіші

Ernst&Young компаниясы даярлаған "2021-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына ERG-дің қосқан толық үлесін бағалау" атты зерттеуде 5 себеп туралы жазылған. Есеп деректеріне сүйенсек, Eurasian Resources Group кәсіпорындары бүгінде елдегі жалпы ішкі өнімнің 2,55%-ын қамтамасыз етіп отыр.

Бірінші көрсеткіш – салық үлесі 

ERG-дің тікелей салық үлесі Павлодар облысының жылдық бюджетінен 1,8 есе артық. Оның мөлшері тіптен басқаларын қоспасақ, машина мен жабдықтар жасау салаларындағы өнім өндірісі көлеміне жуықтайды. ERG-дің салық үлесіндегі әр 100 теңге елдің өзге саларында қосымша 43 теңге құралуына сеп. ERG-дің толық салық үлесі – мемлекет бюджетіне төленген барлық салық пен міндетті төлемдердің 4%. 2022 жылы бұл көрсеткіш – 623 млрд теңге (тікелей үлес – 436 млрд теңге). 2018 жылы бұл көрсеткіш 226 млрд (тікелей үлес – 185) теңге межесінде болатын. 

Екінші көрсеткіш – жұмыспен қамту 

Павлодар облысының әрбір жетінші тұрғыны ERG кәсіпорындарында еңбек етіп жүр. Топтың 2022 жылғы осы өңірдегі еңбекпен қамтуға қосқан үлесі – 14,6%.  

Ал, өткен жылғы ERG-дің еңбекпен қамтуға қосқан толық үлесі – елдегі жалдамалы еңбекпен қамтылған қызметкер санының 2%-на тең. Одан бөлек, ERG-де еңбек етіп жүрген әр 100 адамға экономиканың басқа да салаларында қосымша 2 есе көп жұмыс орындары ашылған. 
2018 жылы бұл үлес 153,5 мың адам межесінде болатын. 2020 жылғы көрсеткішпен (137,2 мың адам) салыстырғанда, айтарлықтай өсім бар. Бұған өнім шығару көлемі мен еңбекақы төлеу қоры мөлшерінің қарқынды өсуі себеп. 2016 жылдан бері Топтағы орташа еңбекақы мөлшері 2,6 есе өскен.

2023 жылдың қаңтар айынан бері негізгі технологиялық және жөндеу мамандықтары бойынша орташа еңбекақы мөлшері елдегі ең төменгі еңбекақы көлемінен 4 есе жоғары. Еңбекақы соңғы рет биылғы қаңтарда өсті. 

Үшінші көрсеткіш – тұрғындардың табысын қамтамасыз ету 

Қазақстан халқының 2022 жылғы еңбек табысына ERG тобының толық үлесі – 537,2 млрд теңгеден асып жығылды. Бұл еңбекпен қамтылған ересектердің 2% немесе Павлодар облысы тұрғындары табысының 15% және Ақтөбе облысы халқы табысының 10%-ына пара-пар. 
2018 жылы бұл – 296 млрд теңге межесінде болатын. Топтың өз үлесінің әр 100 теңгесіне экономиканың өзге салаларында 113 теңге қосымша кіріс келтіреді. Соңғы 5 жылда халықтың еңбек табысына ERG-дің толық үлесі жыл сайын орта есеппен 17% өсті.

Төртінші көрсеткіш – Қазақсанның ІЖӨ-не қосқан үлес

Компанияның Қазақстандағы 2022 жылғы қосымша құнға, яғни ішкі жалпы өнімге қосқан толық үлесі 2,3 трлн теңге. Бұл соманың тең жартысына жуығы – 1 трлн теңгесі – ERG-дің Павлодар облысындағы толық үлесі. Бұл Ертіс-Баян өңіріндегі жалпы аймақтық  өнімнің 27% шамасында. Қазақстанның ІЖӨ-не ERG-дің толық үлесі бүгінде экономиканың 5 саласы – жатын орын мен тамақтану қызметін ұсыну, машина жөндеу мен жабдықтарды орнату, өңделген мұнай өнімін өндіру, химия өнеркәсібі үлесін қоса алғанмен бірдей. 

Бесінші көрсеткіш – экономкаға үлес

2022 жылы Павлодар облысында шығарылған өнімнің 30%-ға жуығын ERG кәсіпорындары өндірген. Ал, Қостанай облысында ERG шығарған өнім құнын әр қызметкерге шағатын болсақ, 24 млн теңгеден айналады. Осы өңірде еңбекпен қамтылған әр қызметкерге орта есеппен – аймақтық өнім 12 млн теңгеден келеді. 

"Топтың өнім шығаруға қосқан үлесі" дегенді түсіндіре кетейік. Тікелей үлес –  ERG-дің тікелей табысы. Тікелей емес үлес – Топтың қызметі нәтижесінде жеткізушілердің тізбегінде пайда болатын табыс. Жанама үлес – біздің қызметкерлерге өз тауарлары мен қызметтерін ұснатын және біздің тізбектегі жеткізуші компаниялардың табысы. 

Өнім шығаруға қосқан толық үлес дегеніміз – елде Топ кәсіпорындары қызметінің нәтижесінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер құны. 2022 жылы Қазақстанда өндірілген өнім мен қызметтерге ERG-дің қосқан толық үлесі – 4,3 трлн теңге. Бұл көрсеткіш 2021 жыл – 3,9 трлн, ал 2018 жылы – 2,3 трлн теңге болатын. Соңғы 5 жылда ERG-дің өнім шығаруға қосқан толық үлесі орта есеппен 16% өсіп келеді. ERG-дің ел экономикасына өндірген әр 100 теңгелік өніміне экономиканың өзге салаларында қосымша 76 теңгенің өнімі шығарылады.

Зерттеудің негізгі нәтижелері

Зерттеу кезеңіндегі Қазақстанның ішкі жалпы өніміне ERG-дің қосқан үлесі – 4,9 трлн теңге немесе ІЖӨ-нің 2,55%. Мемлекет кірісі 1,083 трлн теңгеге толықты. Бұл қаражатқа әрқайсысы 1 200 оқушыға шақталған 180 мектеп салуға болады. Бүгінде ресми деректерге сүйенсек, мұндай бір мектеп салуға орта есеппен 6 млрд теңге жұмсалады.

Жыл сайын 169 мың адамды еңбекпен қамти отыра, Топ 2022 жылы 116 мың қосымша жұмыс орнын қолдады. Ұлттық статистика деректеріне сүйенсек, бүгінде 6,9 млн отандасымыз жалдамалы еңбек етеді. Яғни, ERG елдегі әр қырықыншы жұмыс орнының ашылуына себепші болған. 

ERG-дің арқасында тұрғындар 956 трлн теңге табыс тапқан. Ал, компания жергілікті бизнесті дамытуға 8,2 трлн теңге жұмсаған. ERG қалыптастырған қосымша құнның әр 100 теңгесіне ел экономикасында қосымша 80 теңге құралады. 

Зерттеу әдістемесі

Зерттеуде түпкі деректер ERG-дің 2021-2022 жылдардағы операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері, ҚР Статистика комитетінің, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті, БЖЗҚ-ның ресми деректері мен жариялы іскер және сараптама басылымдардың мәліметтері пайдаланылды. Одан бөлек, зерттеу нобель сыйлығының лауреаты –   В.Леонтьев әзірлеген әлемнің көптеген дамыған елдерінің үкіметтері мен статистика органдары және ҚР-да бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштерді айқындауға кеңінен пайдаланып келе жатқан "Өндіруге жұмсалған шығыстар" моделіне негізделді. Осылай модельдеу нәтижесінде 5 көрсеткіш бойынша (ІЖӨ-ге қосқан үлес, өнім шығару, еңбекпен қамту, еңбекақы төлеу қоры мен мемлекет кірісі) ERG-дің әлеуметтік экномикалық дамуға ақшалай сипатта қосқан 3 үлесі (тікелей, тікелей емес және жанама үлесі) есептелген.  

ERG-дің әлеуметік экономикалық дамуға қосқан толық үлесі Топ кәсіпорындары орналасқан 4 негізгі өңір – Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында есептелді. 

Зерттеу жұмысының толық мәтіні компания сайтында www.erg.kz  жарияланған.

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Төрт құрлықта 16-дан астам елде орналасқан ERG-дің кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. Сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), "Шұбаркөл көмір", "3-Энергоорталық" АҚ және "ТрансКом" Көлік тобы мен ERG Service. 
Африкада ERG мыс және кобальт кендерін қазып алады, мыс концентраты мен кобальт гидроксидін өндіреді. Конго Демократиялық Республикасының Колвези өңіріндегі тарихи басқа компаниялардан қалған мыс және кобальт қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын Metalkol кәсіпорны әлемдегі екінші ірі кобальт өндіруші болып табылады. 

Сонымен қатар, компанияның Африка құрлығындағы бірнеше елдерде, атап айтқанда Оңтүстік Африка Республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру жобалары бар. Топ құрлықтағы өзінің жеткізілімдерінің тізбегін Sabot атты арнайы көліктік компанияның көмегімен жүзеге асырады, ол "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізінде құрлықаралық тасымалдау қызметін көрсетеді.

ERG Бразилияда Pedra de Ferro кен орнында темір кенін өндіру, Porto Sul теңіз порты мен FIOL құрлық аралық темір жолын біріктіретін кешенді BAMIN жобасын дамытып жатыр.

ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған Аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық альянстың (GBA) құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді. Бүгінгі таңда GBA құрамында 135 халықаралық ұйым мен компаниялар бар.

Талқылау