Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еревандағы ереуілшілер Пашинянға импичмент жариялауды талап етті

Армениядағы көтерілісшілер премьер-министр Никол Пашинянға импичмент жариялауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Армения сайтына сілтеме жасап.

пашинян

Сурет: BBC 

Ел басшысының парламентте үкімет сағатында айтқан мәлімдемесі қоғам наразылығын тудырды. Ол Ереван Әзірбайжанмен белгілі бір құжатқа қол қоюға ниетті екенін айтты.

Аталмыш мәлімдемеден кейін бір топ ереуілші үкімет пен парламент ғимаратының алдына жиналып, Баграмян даңғылындағы жолдарды жапты. Полиция күш жинап, Республика алаңына апаратын көшелерді босатуға тырысты.

Шеру аясында Никол Пашинян ұзақ уақыт ішінде алғаш рет тікелей эфирге шығып, әзір құжатқа қол қоймайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Бакумен келісімшарт жобасы жоқ.

Соған қарамастан, парламент алдына жиналғандар депутаттарға премьер-министрге импичмент жариялау туралы құжатқа қол қоюға бір сағат уақыт берді.

Біраз уақыттан кейін оппозициялық депутаттар Армения парламентінің ғимаратына артқы есікпен кіре бастады. Олар сол жерде билеуші фракция өкілдерін күтетіндерін мәлімдеген.

"35 депутат құжатқа қол қоюға және импичмент процесін бастауға дайын, бірақ “Гражданский договор” фракциясы өкілдерінің 18 қолы қажет", – деді “Айастан” оппозициялық фракциясының депутаты Ишхан Сагателян.

Депутат билеуші фракцияның өкілдерін Армения премьер-министрі Пашинянға қатысты импичментке қол қоюға шақырды, егер олар қол қоймаса болса, олардың мекенжайларын жариялайтынын айтты.


 


Импичмент процесін бастау үшін парламент өкілдерінің үштен бірі (36 адам) қол қою қажет, ал оппозициялық парламенттік фракциялардың екеуінде де 35 депутат бар. Ал импичмент қабылдануы үшін 54 депутаттың дауысы қажет.

Армения Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 14 қыркүйек күні кешке Әзірбайжанмен шекарада 12 қыркүйекте басталған қарулы қақтығыстар кезінде елдің 105 азаматы қаза тапты.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін қақтығыс барысында қаза тапқан әскерилердің туыстары Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен еді.

Талқылау