Қазақстанда ұлттық парктерге кіру үшін төленетін салық алып тасталды: Туристерге қандай қызмет ақылы болмақ
8 шілдеде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Спорт және туризм министрлігі өзгертулер мен толықтыруларға тоқталып, қай салық алынғанын және қандай қызметтер ақылы болатынын нақтылады. Stan.kz тілшісінің осы сұрауына жауап берді.
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске өзгерістер енгізу жобасымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегінде республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алу тәртібін регламенттейтін Салық кодексінің 7-параграфын алып тастау көзделеді. Осы күнге дейін әр адам мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық табиғи парктер, табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерге кіргені үшін 0,1 АЕК (369 теңге) төлейтін. Аталмыш төлемақы алып тасталды. Алайда ондағы туристерге көрсетілетін қызмет түрлері ақылы күйде қалды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңның 38-бабына (Қазақстан азаматы табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті) сай, туристер табиғат қорғау мекемелеріне келесі қызметтер үшін ақы төлейді:
- Туристік соқпақтар, туристік базалар;
- Тамашалау алаңдары,
- Демалу алаңқайлары,
- Көлiк тұрақтары,
- Кемпингтер,
- Шатырлы лагерлер немесе оларды орналастыратын орындар;
- Қонақүйлер, мотельдер;
- Балық өсіру шаруашылықтары,
- Қоғамдық тамақтандыру, сауда орындары
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар.
“Әр табиғат қорғау мекемесі "Өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесін алған республикалық маңызы бар табиғат қорғау мекемелері ұсынатын қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №27-5-6/253 бұйрыққа сәйкес қызметтер көрсеткені үшін төлемақы алады”, – деп мәлімдеді министрлік.
Экология министрлігі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтердің тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрықты әзірледі. Табиғи аумақтарға транспортпен кіру үшін келесідей тарифтер белгіледі:
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
- Мотоцикл, мопед, квадроциклдер кіруі үшін – 0,4 АЕК (1476 теңге);
- Жеңіл көліктер – 0,7 АЕК (2584 теңге);
- 16 орындық шағын автобустар мен жүк көліктер – 2,5 АЕК (9230 теңге);
- 32 орындық автобус – 5 АЕК (18 460 теңге);
- 32-ден астам орны бар автбустар үшін – 7 АЕК (25 844 теңге).
Аталған тарифтер келесі қорықтарға да қатысты:
- Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы;
- Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы;
- Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы.
"Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- Мотоцикл, мопед, квадроциклдер – 0,6 АЕК (2 215 теңге);
- Жеңіл көліктер – 0,9 АЕК (3 322 теңге);
- 16 орындық шағын автобустар мен жүк көліктер – 3,5 АЕК (12 922 теңге);
- 32 орындық автобус – 7 АЕК (25 844 теңге);
- 32-ден астам орны бар автбустар үшін – 10,5 АЕК (38 766 теңге).
Катон-қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- Мотоцикл, мопед, квадроциклдер – 0,3 АЕК (1 107 теңге);
- Жеңіл көліктер – 0,4 АЕК (1 476 теңге);
- 16 орындық шағын автобустар мен жүк көліктер – 2 АЕК (7 384 теңге);
- 32 орындық автобус – 4 АЕК (14 768 теңге);
- 32-ден астам орны бар автбустар үшін – 6 АЕК (22 152 теңге).
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- Мотоцикл, мопед, квадроциклдер – 0,4 АЕК (1 476 теңге);
- Жеңіл көліктер – 0,7 АЕК (2 584 теңге);
- 16 орындық шағын автобустар мен жүк көліктер – 2,7 АЕК (9 968 теңге);
- 32 орындық автобус – 5 АЕК (18 460 теңге);
- 32-ден астам орны бар автбустар үшін – 8 АЕК (31 696 теңге).
Сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін адам басына күніне 0,1-0,2 АЕК (369-738 теңге) көлемінде санитарлық тазалау және абаттандыру қызметтерінің тарифі белгіленген.
Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін көрсетілетін қызметтердің төлемі бұрынғысынша алынады. Бірақ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, шоттағы қаржы Ұлттық парктердің арнайы шотында қалып, соның қажеттіліктеріне жұмсалады. Яғни, қызметкерлердің жалақысына, табиғатты қорғау іс-шараларына, бақылау-өткізу бекеттерін автоматтандыру, туристік маршурттарды және соқпақтардыжақсарту, қауіпсіздік жүйесін жетілдіру секілді ерекше қорғалатын аумақты дамытуға жұмсалады.
Бұған дейін Алматы облысындағы туризм саласына 9,9 миллиард теңге инвистиция құйылған еді.