Ерекше бала Ернардың анасы екінші мәрте ана атануға қорқып жүргенін айтты
Бала күнінен қартайып кеткен Ернар есімді балақайдың анасы екінші мәрте ана атануға қорқып жүргенін айтады. Себебі 5 жасар баланың терілері салбырап, жасына жетпей кәрі көрінеді. Ал бұл дерт негізі қан арқылы келеді екен. Яғни баланың аталарында осындай дерт болған болуы мүмкін.
“Дәрігерлер түрлі диагноз қойды. Негізінен баланың жасына сай дамуы бәрі орнында. Мәселе тек осы сыртқы көрінісінде болып тұр. Негізгі диагноз терінің уақытынан бұрын қартаюы. Қазіргі кезде германиялық дәрігерлерге қан тапсырдық. Соның қорытындысын күтіп жүрміз”,-дейді Ернардың анасы.
Ернардың өзі не қалайтынын жақсы түсіндіре алады. Жасына сай сөйлей біледі. 5 жастағыбалаға сай алаңдағы әткеншектерге ұшып, сатыларға өрмелеуде ешкімнен кем емес. Тамақты да жақсы жейді екен.
Үйде ата-анасы тек қазақша сөйлегенімен Ернардың тілі орысша шығыпты.
“Ернар өте зерек. айтқан дүниені қағып алады. Бала ерекше болғандықтан оны балабақшаға берген жоқпыз. Қандай метепке баратынын білмедім, әлі екі жыл бар, енді ол жағын дәрігерлермен кеңесе отырып шешеміз деп ойлаймын. Қазір шахмат үйірмесіне қатысып жүр. Ағайлары қабілетті деп мақтап жатыр. Ернардың орысша сөйлейтініне өзіміз де қайранбыз.Оңтүстіктің адамдарымыз, отбасында ешкім орысша сөйлемейді. ауладағы балалар, көретін мультфильмдердің әсері шығар. Өзі орысша сөйлегенді ұнатады”,-дейді анасы.
Ернардың дертіне қатысты әлі күнге бірде-бір дәрігер нақты диагноз қоймапты. Сондықтан да ата-анасы баласына ем іздеулерін шетел асып та жалғастырып жатыр екен. Қазірге терінің қартаюын сақтау мақсатында гормондық дәрі қабылдайды екен. Оның бір құттысы бір аптаға жетеді екен. Әрі бағасыда айтарлықтай қымбат-74 мың теңге тұрады екен.
Хабар арнасындағы “Ана мен бала” бағдарламасына қатысқан Ернар мен анасы көмек қолын созғысы келетін азаматтардың қолын қайтармайтындарын да айтып өтті. Ол үшін бағдарлама редакциясына хабарласу керек.
Оқи отырыңыз:
Павлодардағы стадион маңындағы қоқыстан Қазақстан елтаңбасы табылды (фото)
Істі болған Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы түрмеде ұлына қысым көрсетіп жатқанын айтты
Қарағанды тұрғыны “тәжіктер ұйымының” теракт жасамақ болып жатқанын мәлімдеді
Туберкулезбен ауырған мұғалімге қатысты жанжал: Бәріне лаборант-рентгенолог кінәлі болып шықты