Ерекше әрі сұлу көріну үшін саусағына пирсинг жасатқан бойжеткендер жұртты шошытты (фото)
Бойжеткендер сұлулық үшін ештеңеден тайынбайтын тәрізді. Ал сұлу әрі ерекше көрінудің бір амалы – пирсинг жасату. Алайда мұрнын немесе тілін тескізіп, пирсинг жасату сәннен қалған сыңайлы. Ендігі кезек саусақта, деп хабарлайды Stan.kz.
Таяуда желіде бойжеткендер ерекше суреттер легін жариялай бастады. Олар саусағының терісін тесіп, гаухар тас орнатқан. Әшекейдің мұндай түрі бірден көпшіліктің назарын аударып, жұрттың қызу талқысына түсті.
Тіпті пирсинг жасайтын салондардың бірі дәстүрлі неке жүзіктерін пирсингке алмастыруды ұсыныпты. Алайда, отбасыңызда өзгерістер болып жатса, саусағыңыздағы жара жазылу үшін 1 жыл қажет болатынын ескертеміз.
Мұндай сән арқылы ерекше көрінгісі келген бойжеткендердің кейбірі біреуімен ғана тоқтап қалмай, қолына түгелдей пирсинг жасатқан.
Бұл орайда көпшіліктің пирсингке қатысты пікірі қақ жарылды. Бірі қолдаса, бірі саусаққа тағылған пирсингті «қағылған шегеге» теңеді.
Ал мұндай пирсинг жасатқысы келгендерге қауіпсіз және залалсыздандырылған құрылғылармен жұмыс істейтін салондарға ғана жүгінуге болатынын ескертеміз.
Оқи отырыңыз:
Босанып жатқан әйел құрсағындағы нәрестені өзі шығарып алды (фото)