"Ата topraklarımızda... ("Бабалар жерінде")" деп жазды Түркия басшысы Instagram парақшасында Қазақстан астанасы түсірілген суретке сипаттама бере отыра.
Түркия президенті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен сәрсенбі, 12 қазанда Астанаға келді. Сол күні Ердоған Тоқаевпен екіжақты кездесуге қатысты, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысында болды.
- Ердоған Украинаның Ресей басып алған аумақтарын қайтару мүмкіндігі жоғары екенін айтты
- Қазақстанның қауіпсіздігі түркі мемлекеттері үшін ерекше маңызға ие - Ердоған
Айта кетейік, Тоқаев Ердоғанмен кездесуінде оған 1-дәрежелі "Достық" орденін тапсырып, Түркияны "Қазақстанның ең жақын және сенімді стратегиялық серіктесі" деп атады.
Ал 13 қазанда Түркия басшысы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) алтыншы саммитіне қатысады.