Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев Үкіметтің Ұлттық банктегі өкілі болып тағайындалды.
Бұл туралы үкіметтің 2017 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 600 қаулысында көрсетілген. Тимур Сүлейменов ҚР үкіметінінің Ұлттық банктегі өкілі міндетінен босатылды.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Досаев 2013-2014 жылдары Ұлттық экономика министрі, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі, 2004-2006 жылдары Денсаулық сақтау министрі, Қаржы министрі болды. Ал, 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесші болды. Тамыз айында премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
Тағы да оқыңыз:
Жыл соңына дейін үй бағасы қалай өзгереді?
Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын
Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек
Талқылау