Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арқасын тік ұстай алады": Ербаян Мұхтар әскердегі жарақатынан кейін сауығып келеді

Фото: Ұлпан Советбековнаның парақшасынан

Массажист Ұлпан Советбековна әскери борышын өтеп жүріп еңбекке жарамсыз күйге түскен Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты жақсы жаңалықтар бар екенін айттып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бір жарым жылдан астам уақыт бұрын Алматыдағы бөлімде әскери қызметте болған кезде астаналық жігіт ауыр жарақат алған еді. 2025 жылдың 24 маусымында оның сауығу барысы туралы массажист Ұлпан Советбековна айтып берді.

"Ербаян Ыстамбұлдан оралғаннан кейінгі сауықтыру жұмыстарының басталғанына тура 4,5 ай толды. Баяу болса да, тұрақты түрде алға ілгерілеуді байқап отырмын. Қазір ол арқасын тік ұстай алады, аяғында тұрады, мойнын бақылай алады, сол қол-аяғында айтарлықтар реакция бар, салмақ қосты, ауыз-қуысымен толықтай жұмыс жасай аламыз. Ал бұл бастың ауыр операциясынан кейін небәрі 7,5 ай өткенде қол жеткен өте жақсы нәтиже", – деді Ұлпан Советбековна.

Маманның айтуынша, емдеу процесі баяу жүріп жатқанымен, үміт бар. Ербаянды алда емделудің екінші кезеңі Ыстамбұлға тағы бір сапар күтіп тұр.

"Әуел бастан-ақ оның толық сауығып кететініне сенемін. Аз қалды. Сіздерден өтінерім Ербаян үшін дұға етіңіздер. Ол бәрін сезіп, бәрін түсінеді. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды. Үлкен рақмет!" – деп жүгінді массажист.


Қазақстанда әскери бөлімдерде камера орнатылып, қызметтегі қарауылдарға бейнежетондар беріледі


"Мектепте де, балабақшада да қаза тауып жатыр": Қорғаныс министрінің орынбасары жастардың неге әскерден қорқатынын айтты


Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Анасының айтуынша, сарбазға әскери бөлімде қысым көрсетілген. Кейін тіпті ата-анасының рұқсатынсыз дәрігерлер оған ота жасап, миының жарты бөлігін алып тастаған. Қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың емі үшін 230 миллион теңге жинап берді. Ербаян Түркиядан ем алып келді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 16:52
Талқылау