Ер азаматтардың күш-қуатын арттыратын “Жаужүрек” тағамын әзірлей аласыз ба?
Күлипа ханым отандық бағдарламалардың біріне хабарласып, өзінің ұмытылып бара жатқан тағамды әзірлей алатынын айтқан. Әжейдің айтып отырғаны “Жаужүрек” тағамы екен. Ол адамның бойындағы күш-қуатын арттырып, батылдық сынды қасиетке жауап беретін гормонның бөлінуін қамтамасыз етеді.
Фото: Baq.kz
Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.
Аналарымыз әрқашан ер балаларды батылдыққа, ержүректілікке тәрбиелеп отырған. Осыған орай, ұлдарына “Жаужүрек” тағамын жиі жасап берген. Аталған тағамның құрамында гепарин элементі мол. Мұнымен қатар, басқа төрт түлікке қарағанда, қойдың бауырында бұл элемент көбірек болады екен. Ол жүрек жұмысын жақсартып, жүрек талмасының алдын алады. Оны бұрын-соңды жолаушылар мен малшылар көп жеген. Ал тағам май мен бауыр бірге пісетіндіктен, жүрекке аса тимейді.
Оны әзірлеу үшін сүт, бауыр, қойдың шар майы, тұз және сұйық май қажет. Бірінші бауырды 1-2 сағат бойы сүтке жібітіп аламыз. Артынша бауырды тілімдеп, ал майды төртбұрыштап тураймыз. Бауырымызға тұз әбден сіңген соң, оны шар майдың ішіне ораймыз. Жазылып кетпеуі үшін тіс шұқитын таяқшалармен түйреп қоямыз. Артынша қазанға салып қуырамыз.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақтың мына ұлттық тағамы сіздің дәм сезу рецепторларыңызды “жарары” анық
Қазақ ұлттық асханасының ұмытылып бара жатқан 7 тағамы (фото)
Дәмі тіл үйіретін “майсөк” тағамының қалай жасалатынын білесіз бе?