"Ер әйелдің қолынан ұстамауы керек": Мөлдір Әуелбекова әріптесі Сәкен Майғазиевпен ерекше амандасты
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова әріптесі Сәкен Майғазиевпен ерекше амандасып, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Өнер иесі құшақтасып амандасқаны үшін оқырмандарынан сөз естігенін айтты.
“Ассалаумағалейкум! Алдында бір видеода, Сәкен ағам қолымнан ұстап биік өкшемен төмен түсуіме көмектескенде, біразы ұрысып еді, “ер әйелдің қолынан ұстамауы керек” деп. Енді осылай алыстан амандасатын болдық. Дұрыс па? Бұрыс па? Қалай өзі? Сіздер, ер мен әйел қалай амандасыздар? Бет сүйісіп, құшақтасып қой иә?”, – деп жазды әнші.
-
"Бала-шаға мен ата-ененің жағдайын жасайды": Мөлдір Әуелбекова ерлер қауымына үндеу жасады
-
"2-3 жыл сайын жаңартамыз": Мөлдір Әуелбекова әкесіне көлік сыйлады
Желі қолданушылары ер мен әйелдің амандасу үлгісін қызу талқылап жатыр.
“Сәкен ағамыз ыңғайсызданып қалған сияқты”, “Ассалаумағалейкум дегеннен гөрі, “Сәлем бердік” деген қазақша амандасуға жатады”, “Өте мағыналы сауатты амандасу”, “Беттен сүйіп амандасу өте ерсі көрінеді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова жалғызбасты аналарға қолдау білдіргенін жазған едік.