Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам жедел жәрдем дәрігерлеріне ренжіп, олардың көлігін айдап кеткен

Жапонияның Сайтама префектурасында тұратын ер адам жедел жәрдем көлігін ұрлап кетуге әрекет жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Japan Today басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Japan Today

Оқиға 20 қаңтар, дүйсенбі күні кешке Куки қаласында болған. 46 жастағы Хироси Хирата жедел жәрдем шақырып, ішінің қатты ауырғанына шағымданған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның мас екенін анықтап, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екенін түсіндірген.

Бұған ренжіген және ашуланған Хирата есімді ер адам дәрігерлерге пышақты ала жүгірген. Ол көше бойына шығып, жедел жәрдем көлігіне отырып қашып кеткен. Полиция көлікті ер адамның үйінен жүз метр жердегі дәріхананың автотұрағынан тапқан.

Хирата ұсталғаннан кейін дәрігерлердің ауруханаға жатқызудан бас тартқанына көңілі түскенін айтып, бұл әрекетін "өзім-ақ ауруханаға жетемін деп ойладым" деп түсіндірді. Ер адамның қандай жазаға тартылатыны туралы ақпарат берілмеген.



Еске салайық, бұған дейін қарағандылық полицейлер автокөлік айдап әкеткен азаматты ұcтады. Оқиға күндіз сағат 14:30 шамасында болған. Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары А.Шабақбаев пен Д.Мырзамбеков өздеріне бекітілген Михайлов секторында қызметте еді. Оқиға орынына келген олар 38 жастағы жәбірленушіден автокөлігі туралы мәлімет алып, іске кірісті.

Талқылау