Ер адам үйлену тойына жаңа аяқ киім киіп, барлық башпайынан айырылды
Фото: Tony Kershaw / SWNS
Ұлыбританияда үйлену тойына арнайы жаңа ортопедиялық аяқ киім тапсырыс берген қер адам аяғындағы барлық башпайынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Британдық азаматтың айтуынша, аяқ киімді клиникада алғаш рет киіп көрген сәтте-ақ ол оның тар екенін байқаған. Мартин Ральф аяқ киімді үш рет қайтаруға тырысқан. Бірақ өлшем алған әйел оған бұл аяқ киімді "аздап киіп, кеңітіп алуға болатынын" айтқан.
"Үйлену тойының ортасында бір аяғым қатты ауыра бастады. Ақырындап басқа аяқ киім киюге мәжбүр болдым", – деді ол.
Кештің соңында Ральф шұлығын шешкенде, саусағы қатты ісіп кеткенін байқаған. Тіпті үш есе үлкейіп, оның үстінде ірің пайда болған. Ірің күннен күнге ұлғайып, жағдайы нашарлай түскен. 61 жастағы Ральф қант диабетімен ауырады. Бұл дерт қан айналымын бұзып, аяқтағы жаралардың жазылуын қиындатады. Ірің жазылмай, антибиотиктер әсер етпейтін ауыр инфекцияға ұласқан. Дәрігерлер оған бір башпайын ампутация жасауға мәжбүр болған. Себебі инфекция сүйекке дейін жетіпті.
Фото: Tony Kershaw / SWNS
"Аяқ башпайын кесіп тастау қорқынышты болды. Бірақ мен осымен бәрі бітті деп үміттендім. Өкінішке қарай, олай болмады", – деді британдық.
Ақырында оның оң аяғындағы барлық башпайын кесіп тастауға тура келген. Енді Ральф балдақсыз жүре алмайды. Ол 17 жасынан бері алғаш рет жұмыс істеуге жарамсыз болып қалған.
Айта кетейік, бұған дейін Ер адам термостан су ішкеннен кейін көз жұмғаны туралы жазған едік.