Ер адам сүйіктісінің соңғы күндерін “жұмаққа” айналдырғанына қуанып жүр
36 жастағы Екатерина Русяева Чейни ағымдағы жылдың шілде айында дүниеден озды. Аты жаман ауруға шалдықса да, күйеуінің арқасында Екатеринаның соңғы жылдары нағыз жұмаққа айналды.
Бұл туралы anews.com басылымы жазды.
Ер адам сүйіктісінің ауруы туралы білген соң, бірден той жасап, оның көңілін аулауға тырысқан.
Уильям Ресейге 14 жыл бұрын көшіп келіп, осы жерде қалуды ұйғарған. Бастапқыда орыс тілін меңгеріп, артынша әкесінің Ставропольдегі фирмасына жұмысқа орналасқан. Жұмыс бабымен Воронежге барып, сол жерде Екатеринамен танысады. Қызға бір көргеннен ғашық болып қалады.
Бірнеше жыл қыз-жігіт болып жүреді. 2012 жылы дәрігерлер Екатеринаның бойынан ісік табылғанын, бес жылдан да кем өмірінің қалғанын айтады.
“Ол өзінің ауруын толықтай қабылдады. Мұны көріп қатты таңқалғаным рас. Ол әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен жүретін. Құрбыларымен қыдырып, жиеніне көп уақытын арнайтын. Осы уақыт ішінде біз дос болып жүрдік. Тамыз айының соңында оны сүйетінімді айттым. Ал Катя “Сен жақсы доссың” деп жымиды”, – дейді Уильям.
Жарты жылдан кейін қыздың жүрегі жібіп, Уильямды күтпеген жерден өзі сүйіп алады. Өзінің ауруы туралы айтып береді. Жігіт оны ертіп бір жылда 4-5 мемлекетке саяхаттайды. Рождество мерекесін Норфолк патшалығында, Уильямның ата-анасының үйінде қарсы алады.
Уильяммен бірге бойжеткен өзінің барлық арманын орындап, Англия, Шотландия, Франция, Голландия, Италия, Греция, Түркия сынды мемлекеттерге саяхаттайды. Бұдан өзге Филиппины, Мальдив, Сейшел, Кариб, Бельгия сынды елдерге қыдырып барады. Бірақ, мұншалық махаббатқа қарамастан, Катяның жағдайы күн санап нашарлай береді. Ақырында төсектен тұрып, тамақ ішуі сирей бастайды.
“Мальдив жағалауында отырған күндеріміз әлі есімде. Жылы әрі тыныш болатын. Катя сол сәтте өзінің ерекше күйге бөленіп отырғанын айтқан еді. Ол иығын жаппай күнге қыздырынып отыр екен. Мен иығының терісі күйіп кетуі мүмкін екенін айтып ескерттім. Ал ол болса, мұның еш маңызы жоқ екенін айтты. Бір аптадан кейін ол жарық дүниемен қоштасты”, – дейді жігіт.
Бүгінде Уильям сүйіктісінің соңғы күндерін таңғажайып ертегіге айналдыра алғанына қуанып жүр.
Жіберіп алмаңыз:
Англияда екі мұрыны бар ит пайда болды
Анасы қызының төстартқышын шешіп жіберген сыныптасын ерекше әдіспен жазалады