Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам қызына қатысты шындықты біліп, оның некесін бұзды

Reddit қолданушысы қызы туралы шындықты ашып, оның некесін қалай бұзғаны туралы айтып берді. Көп комментатор оның әрекетін дұрыс деп санады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: www.thesouthafrican.com

Жазба авторы қызы Алисаның тұрмысқа шыққанына төрт жыл болғанын, балалы болуды жоспарлап отырғанын жазған. Ер адамның әйелі ішімдік ішіп, қызы мен оның күйеуі Джонның "некеде көп нәрсені бастан өткергенін" айтқан.  

"Мен олардың отбасындағы мәселелер туралы білмедім және әйелімді не болып жатқанын түсіндіруге мәжбүр еттім", – деді ол.

Нәтижесінде әйелі қызының күйеуінің көзіне шөп салғанын жайып салған. 

"Жас кезімде сатқындықты бастан өткердім, сондықтан опасыз адамдарға төзбеймін. Джон балалы болмай тұрып мұны білуі керек деп ойладым", – деді автор.



Келесі күні ер адам қызымен сөйлесіп, күйеуіне бар шындықты айтуды сұрайды. 

"Қызым күйеуінің өзіне үйленгенін менің шаруам емес деп жауап берді. Бірақ мен келіспедім, өйткені Джон – біздің отбасымыздың бір бөлігі", – деп еске алды оқиға кейіпкері.

Нәтижесінде ер адам күйеу баласына ақиқатты өзі айтқан. 

"Ол үйден кетіп, ажырасуға ниетті. Қызым мен әйелім мені жек көреді", – деп жазды ол.

Пікірлерде көбі жазба авторының шешімін қолдады. Сонымен қатар олар қызы мен әйелі ер адамның бұл әрекетін кешірмеуі мүмкін екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Әйел күйеуінің туыстарының үйіндегі күтпеген қонаққа ашуланып ажырасуға арыз бергені туралы жазған едік. 

Талқылау