Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам қате ДНҚ нәтижесінен кейін сүйіктісі мен ұлын тастап кеткен

Зертханада ДНҚ талдау нәтижелерін шатастырған қызметкерлердің кесірінен ер адам әйелі мен ұлын тастап кетті. Бобруйск  тұрғыны әйелін қызғанғандықтан баласына ДНҚ сынақ тапсыруды талап еткен.

Теріс нәтиже алған азамат жұбайы мен ұлын сол сәтте тастап кеткен. Кейіннен, сынақ нәтижелері жалған болып шықты. Ал  беларусь жігіті мемлекеттік комитеттің зертханасымен соттасып, өтемақы талап етті деп хабарлайды TUT.BY.

Беларусь басылымдарының хабарлауынша, ер адам отбасына қайта қосылуды жоспарлаған. Алайда, әйелі оның ұсынысынан бас тартқан. Жігіт тіпті өз ұлымен де көрісе алмайды. Ол осы жағдайға зертхана қызметкерлерін кінәлап, сотқа арызданды.

«ДНҚ нәтижелерін көргенімде тілім байланып қалды. Мен ұлымның әкесі өз күйеуім екеніне 100%-ға сенімді болдым. Сол үшін де қайта талдама жасатуды талап еттім. Бірақ ол мені тыңдағысы да келмеді»,- дейді 24 жастағы әйел.

«Мен мәселенің бетін ашу үшін бірден айттым. Егер әйелім маған қайта оралса, бәрі жақсы аяқталады. Ал ол ұсынысымнан бас тартса, мен зертхананы сотқа беремін. Қателік зертхана қызметкерлерінде. Олар екі отбасының ДНҚ нәтижелерін шатастырып алған. Әйелім қайта қосылуды қаламаған соң қараша айында зертхананың үстінен арыз жаздым. 25 мың рубль өтемақы төлеуді талап еттім. 2018 жылдың 30 қаңтарында сот шешімі менің мүддемді қорғап, үкім шығарды. Зертхана менің ДНҚ-ға, сондай-ақ қорғаушыға кеткен шығындарымды өтеді. Оған қоса 200 рубль моральдық өтемақы төленді. Бірақ мен бұған келіспеймін»,-деді арызданушы.

Ер адам қазір баласымен мүлде араласпайды. Ол ұлымен кездесу үшін сот шешімінен жоғары органдарға шағымдана бастады.

Жіберіп алмаңыз:

Зымыранның ұшқанын бақылап тұрған өзгепланеталықтар видеоға түсіп қалды (видео) 

Аллаху акбар деп айқайлады: Сирияда Ресей ұшағын атып түсіргендердің видеосы жарияланды (видео) 

40 жастағы ер адам туған қызына үйленіп, одан бала сүйген 

Әкесі Бейонсені айтарлықтай қара емес дейді 

 

 

Талқылау