Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі Бейонсені айтарлықтай қара емес дейді

Бейонсенің әкесі Мэтью Ноулздың айтуынша, егер қызы бұдан қаралау болғанда, атақты жұлдыз болмас еді. Әншінің әкесі берген сұхбатты NME жариялады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ноулз музыкалық салада нәсілшілдікке қатысты кітап жазды. Ол «Расизм: баланың көзімен» деп аталады. Әншінің әкесі Рианнаның да өңі айтарлықтай қара болмаған соң халық алдында танымал болды деп есептейді.«Қара өңді әйелдерге қатысты айтатын болсақ, онда олардың ішінде қайсысы поп-радиоға келеді?Мэрайя Кэри, Рианна, рэп орындаушысы Никки Минаж, сондай-ақ менің балаларым – Бейонсе мен Соланже. Олардың барлығында ортақ не бар? Себебі, олардың өңі сәл ашықтау. Сіздерше бұл кездейсоқтық па? »- деп мәлімдеді Ноулз.

Айта кетейік, 2017 жылы «Грэмми» марапаттау рәсімінде дау шықты. Үздік альбомға арналған марапат британдық әнші Адельге берілгеніне көпшілік қарсы болды. Көптеген көрермендер марапатты Бейонсе алу керек деп санады. «Village People» тобының бұрынғы басшысы Виктор Уиллис ұйымдастырушыларға шағымданды. Виктор Уиллис оларды қара нәсілді орындаушыларға марапат бермеу үшін арнайы ұйым құрып алған деп айыптады.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейлік әйел күйеуінің жоғалғанын 40 жылдан кейін байқаған 

Филиппин президенті жемқорлар мінген қымбат автокөліктерді қиратып тастады 

Дизайнер зорлаушының шабуылынан қорғайтын шолақ шалбар ойлап тапты 

Ургант сұлулық байқауына қыз болып қатысқан қазақ жігіті туралы әзілдеді (видео) 

Талқылау