Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам бірге тұратын әйелді сыра үшін өртеп жіберген

Патрик Тайсон сыра үшін өртеп жіберуФото: Jackson County Sheriff's Office

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында ер адам бірге тұратын әйеліне қастандық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KGNS TV-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шегушінің айтуынша, 56 жастағы Патрик Тайсон оған қастандық жасамақ болған. Ер адам әйелден өзіне сыра әкеліп беруін сұраған, ал әйел бас тартқан. Жанжал кезінде ер адам әйелге бір зат лақтырғанымен, нысанаға тимей, газ плитасын сындырған. Кейін ол әйелге қорқытып, қысым көрсетуге тырысқан.

Қорқытуы іске аспағаннан кейін Тайсон спирт құйылған бөтелкені алып, оны еденге және әйел отырған диванға төгіп, от жаққан. Жалын әйелдің күртесіне тараған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіріп үлгерді. Әйелдің күртесі өртенгенімен, ол жарақат алған жоқ. Полиция күдіктіні қамауға алды.

Айта кетейік, бұған дейін екі мәрте өлім аузынан қалған 80 жастағы әйел о дүниеде көргенін баяндағаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 23:46
Талқылау