Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам бір табын шошқа шабуылынан көз жұмды

Ресей тұрғыны бір табын шошқа шабуылынан көз жұмды. Жануарлар оның жер учаскесіне кіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оқиға Иркутск облысының Тельма ауылында болған.

"Усольск ауданының Тельма ауылында бір адамның үй ауласына табын шошқа кіріп кетті. Олар өздігінен жайылымда жүрген. Жануарларды қумақ болған үй иесін шошқалардың бірі аяғынан тістеп алды", - деп хабарланды ведомстводан. 



Ер адам ауруханада көп қан жоғалтып, көз жұмған. 

Жергілікті прокуратура аталған факті бойынша үй жануарларын ұстау ережелерінің қаншалықты сақталғанын тексеруде. 
 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 25 Шілде, 2022 15:39
Талқылау