Қырғызстанда ер адам алты жасар балаға ішімдік беріп өлтіріп тастады
Құқық қорғаушылары алты жасар баланы арақпен улаған 31 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Чуйское облысы ІІБ-ның баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Today.kz сайтына сілтеме жасап.
Чуйское облысындағы Жайыл ауданда ауруханаға алкогольдік ішімдіктен улану белгілері бойынша алты жасар бала жеткізілді. Анасы дәрігерлерге 12 маусымда түнде құрбысы және 60 жастағы сүйіктісімен бірге ішімдік ішкенін айтқан. Артынша оларға құрбысының жігіті келіп қосылады. Алайда ол баланың анасын себепсізден соққыға жыққан. Содан әйел отырыстан қашып кетіп, үйіне кеш келген. Сол кезде баласының шырт ұйқыда жатқанын көреді. Сөйтіп өзі де ұйқыға жатқан.
Ертесінде баласының әлі ұйықтап жатқанын көрген әйел бірден жедел жәрдем шақырған. Сөйтсе бірге тұрып жатқан сүйіктісінің ұлы алты жасар балаға арақ ішкізіп, улап тастаған екен.
Бірақ бала бір апта ес-түссіз жатқан бойы 20 маусымда қайтыс болып кетеді. Ал күдікті уақытша қамау изоляторына отырғызылды. Қазір сот-сараптамалық ісі жүргізілуде.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
