Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам 36 жыл бойы өзге адамның аты-жөнімен өмір сүрген

Америкалық азамат Уильям Вудс есімді таныcының атын жамылып, өзін сол етіп көрсеткені үшін 36 жылға түрмеге жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нағыз Уильям Вудс өзі екенін дәлелдеу үшін түрмеге және психикалық ауруханаға түскен.

2019 жылы Уильям ВудсЛос-Анджелестегі банкке кіріп, біреу оның атына несие алып, ірі көлемде қарызға батырғанын айтты. Ол өзінің шот нөмірлерін айтып, оларды жапқысы келді. Банк қызметкері оның жеке басын және әлеуметтік сақтандыру нөмірін сұраған. Барлық жеке дерек сәйкес келді. Бірақ қызметкер Уильям Вудсқа нақтылайтын сұрақтар қойғанда, ол жауап бере алмады.

Банк қызметкері шоттары тіркелген нөмірге қоңырау шалды. Телефондағы дауыс оның өзі Вудс мырза екенін және Калифорнияда оның шотына ешкімнің қол жеткізе алмайтынын айтты.

Телефондағы дауыс нақтылау сұрақтарына дұрыс жауап берді. Банк полиция шақырған. Олар шот иесімін деген адаммен телефон арқылы сөйлесіп, құжаттарының көшірмелерін факс арқылы жіберуді сұраған. Ол бәрін жіберді. Ақырында шын Уильям Вудс “Біреудің жеке басын ұрлады және басқа адамдардың аккаунттарына кіруге әрекет жасады” деген күдікпен қамауға алынды.

Прокурор оның есімі Мэтью Киранс деп санады. Сотта Уильям Вудс өзінің Киран емес екенін айтты. Судья оны психиатриялық ауруханаға жіберуді бұйырды. Оқиға 2020 жылдың ақпан айында болды, коронавирустық пандемияға байланысты Вудс сегіз айдан кейін ауруханаға жатқызылды. 2021 жылдың наурызында ол екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Оған Уильям Вудс есімін қолдануға тыйым салынды. Ол өз кінәсін мойындап, тезірек бостандыққа шығу үшін барлық шартқа келіскен. Дегенмен үкім шығарылған кезде де ол өзінің тегін Вудс деп айтуды жалғастырды. 

Сөйтсе бұрынғы әріптесі 36 жыл басқа адамның жеке басын пайдаланған. Алаяқтық 1988 жылы Альбукеркеде, Нью-Мексикода басталды. Уильям Вудс хот-дог дүкенінде жұмыс істеп жүргенде, жұмысқа жаңадан Мэттью Кейранс келеді. Бір күні Вудстың әмиянын Кейран ұрлап кетіпті. Әмиянды қайтарған кезде Вудс құжаттарды тексерді, бәрі түгел болғандай көрінген, содан кейін бұл жайтты ұмытып кетіпті.

1988 жылдан кейін Кейранс енді өзінің шын атын, туған күнін немесе әлеуметтік сақтандыру нөмірін пайдаланбады. 1990 жылы ол Уильям Вудс деген атпен жеке куәлік алды. 1994 жылы үйленіп, ұлына сол тегін берген. Ол Вудс болып салық төледі, сақтандыруды сатып алды, жүргізуші куәлігін алды және Вудстың атынан несие (200 000 доллар) алды. Ол Висконсин штатында тұрды және Вудс сияқты Айова университетінің клиникасында жүйелік әкімші болып қашықтан жұмыс істеді.

Уильям Вудс ДНҚ тестінің арқасында өзінің жеке басын қалпына келтіре алды.

Талқылау