Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енесімен ұрысып қалған: Түркістан облысында әйел төрт айлық ұлымен бірге үйден шығып, жоғалып кеткен

Түркістан облысында әйел 4 айлық ұлымен бірге үйінен шығып, қайта оралмаған. Төрт күннен кейін, 14 маусым күні әйелдің енесі полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап. 

Із-түссіз жоғалған әйел мен құндақтағы сәбиді полициямен бірге еріктілер іздеді. Бірінші кезекте әйел баруы мүмкін барлық жерлер қаралып, таныс адамдардың бәрі сұралды. 

Әйел тұрған ауданда оның суретімен хабарламалар ілініп, оның жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 



8 күннен кейін анасы мен ұлы дағдарыс орталығынан табылды. Әйел енесімен ұрысып қалғаннан кейін үйден кеткен болып шықты. 

Қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Олар отбасына оралды.
 

Назгүл Әбушәріпқызы
Дүйсенбі, 20 Маусым, 2022 13:43
Талқылау