"Енді жеке пәтерің болсын": Айшолпан Байтүгел туған күнінде көлік алды
Фото: https://www.instagram.com/aisholpan_happiness/
Танымал актриса Айшолпан Байтүгел туған күні қарсаңында көлік мінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл тек бастамасы. Ал, құттықтауларыңызды қабылдаймын.
Көрімдік орнына жақсы тілек жазсаңыздар болады. Бірақ “қооой, беремін” деген жандарға қарсы емеспін. Toyota 70 емес Lexus RX 350 бұйырыпты. Барша құттықтап жатқан менің алтын оқырмандарыма рақмет! Айдаладағы бөтен адамның қуанышына қуанып, уақыттарыңызды бөліп комментарий қалдарып отырған пейілдеріңізден айналдым. Мен сіздерді қаттты жақсы көремін”, – деп жазды көпшілік.
Желі қолданушылары жаппай құттықтап, туған күнінде жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
“Маған да жұғысты болсын”, “Айшолпан еңбекқор қыз”, “3 минутта боянып, салонға барып, машина алды”, “Таза еңбекпен келген машина”, “Берекелі тұлпар болсын”, “Көз алдымызда көтерілді, жарайсың”, “Енді пәтер сатып ал. Жеке баспанаға ештеңе жетпейді”, – деп жазды көпшілік.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
