Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді турнирге ақша іздеудің керегі жоқ": Ресейлік теннисшілер Қазақстан азаматтығын алу жайлы не деді

Елена Рыбакина "Уимблдонда" жеңіске жетіп, теннис әлемін таңдандырған еді. Елена Мәскеуде туылған және 18 жасында дейін Ресейде жаттықтан. Кейін Қазақстан құрамасына ауысып, еліміздің азаматтығын алды. Рыбакинаның жеңісінен кейін екі елдің теннис федерациялары арасында дау туындады. Алайда бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы жалғыз теннис трансфері емес. 2008 жылы солтүстіктегі көршімізден Қазақстанға ондаған спортшы көшіп келді. Олардың көпшілігі рейтингтегі алғашқы жүздікке де енген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ведомости. Спорт" басылымына сілтеме жасап. 

шведова

Ярослава Шведова

2008 жылы Қазақстанның ұсынысын алғашқылардың бірі болып Ярослава Шведова қабылдаған. Бұл кезге дейін ол WTA 250 турнирінде топ жарған еді. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Шведова жұптық ойында Уимблдон мен 2010 жылы АҚШ-та өткен ашық чемпионатты жеңді. Бұдан соң әр түрлі серіктермен 10 рет жеңіске жетіп, жұптық рейтингтегі әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Ал жеке разрядта маусымды топ-30-бен аяқтады. 

Шведова – "Үлкен дулыға" турнирінің негізгі сетінде "алтын сетті" жеңген тарихтағы жалғыз адам. 2012 жылы Уимблдонда ол италиялық Сара Эарранимен ойнап, алғашқы партияда бірде-бір ұпай берместен 24 ұтысты қатарынан жеңген 

"Қазақстанға ауыспасам, не боларын да білмеймін. Бірақ бұл маған көп көмегін тигізді. Бұрын үнемі қаржылық мәселеден қиналатынын. Жаттығуды емес, келесі турнирге бару үшін ақшаны қайдан аламын деп ойлайтынмын. Қазақстан менің барлық мәселемді бірден шешті. Жақсы жеке жаттықтырушы жалдадым, жалпы физикалық дайындық бойынша жаттықтырушым пайда болды. Бұрын бұл туралы армандай да алмайтынмын. Сонымен қатар менің жаттығуға арналған орным бар, Қазақстандағы кез келген спорт базасында жаттыға аламын", – деді Шведова "Советский спорт" басылымына берген сұхбатында.

Михаил

Михаил Кукушкин

2008 жылы Михаил Кукушкин де Қазақстан атынан өнер көрсете бастады. Спорттық азаматтығын өзгерткенге дейін Волгоград тумасы ретингтегі жүздіктің екінші жартысында тұрған және қаржылық қолдауды талап еткен. Қазақстан Михаилге көмектесіп, нәтижесінде спортшы Дэвис Кубогының ширек финалына бірнеше рет шықты. Сонымен қатар Санк-Петербургтегі турнирде топ жарған. 2019 жылы Кукушкин мансабында алғаш рет топ-40-қа енді. Бұл кезде Михаил Ресейде тұрған кезіндегі қиындықтары туралы айтқан. 



"Бос бассейнде ойнаған кездерім болды. Кейде жұмыс істеп тұрған түрменің ағаш кортында ойнауға тура келді. Мектепке бармас бұрын таңғы 6-да, сосын сабақтан соң жаттығатынмын. Кейде оқудың орнына ойын ойнайтынмын. Ол кезде жаттығу мүмкіндігім шектеулі еді. Кортты жалға алу және ойында серік табу қиынға соғатын. Тек 17 жасыма дейін жаттықтырушым болған әкем Александрдың арқасында ғана ойын деңгейім көтерілді", – деп еске алды Кукушкин Ресейде өткен балалық шағы туралы. 

Андрей

Андрей Голубев

Дэвис Кубогындағы көптеген ойындарды Андрей Голубев Кукушкиннің серіктесі болды. 2008 жылы ол да Қазақстан құрамасына ауысты. Волжск тумасы Дэвис Кубогындағы бірнеше жеңістерімен есте қалды. Ал 2014 жылы ширек финалда Голубев әлемнің үшінші ракеткасы Стэн Вавринкті жеңген. Ал Кукушкинмен бірге Вавринк пен Роджер Федерераның жұбын жеңді. 

Голубев жұптық разрядқа көбірек басымдық берген. 2022 жылдың мамырында Андрей рейтингтегі 21-орынға көтерілді. Ал 2021 жылы ол "Ролан Гарростың" финалына дейін жеткен. 

"Қазақстанның ұсынысын қабыл алғаныма еш уақытта өкінбеймін Керісінше, бұл елдің атынан халықаралық аренада өнер көрсеткеннен бастап менің мансабым алға өрледі. 15 жасқа толғанда отбасым Италияға көшті. Ал келесі төрт жылда Ресей теннис федерациясынан маған ешкім қоңырау шалған жоқ. Жағдайымның қалай екенін, көмек керек пе деп сұраған жоқ. Бұл кезде мен юниорлар құрамасының мүшесі едім", – деп еске алды Голубев 2017 жылы. 

Юлия

Юлия Путинцева

Шведовадан кейін Юлия Путинцева да 2012 жылы азаматтығын ауыстырды. Ал үш жылдан кейін ол рейтингте топ-50-ге енді. Ал 2020 жылы топ-30-ға көтерілді. Ол Нюрнбергте және Будапештте екі рет жеңіске жеткен, "Роллан Гарростың" ширек финалына екі рет шыққан. Рыбакина келгенге дейін бірнеше жыл Қазақстанның бірінші ракеткасы болды. 

Юлияның бойы (163 см) Еленаға қарағанда (184 см) әлдеқайда қысқа. Дегенмен бұл әйелдер турында үздік атануға еш кедергі келтірмейді. Ал Ресейде Юлияның бойына баса мән берген. 

"Мені айналамдағы барлығы жігерлендіреді. Барлығына дәлелдегім келеді. Ресейде мансабымның басталуы қиынға соқты. Маған тым қысқасың, ашушаңсың деп айтатын. Бірақ қазір қайда екеніме қараңыздар. Мен бұл туралы ойламаймын да. Бірақ мен жас әрі талантты, бірақ бойына бола ешкім сенбейтін балаларға жаным ашиды. Қысқа не ұзын бол, бәрібір ойнай алатыныңды түсіну керек. Өзінің күшті тұстарыңды пайдалану қажет", – дейді Путинцева. 

Бублик

Александр Бублик

Александр Бублик спорттық азаматтығын 2016 жылы ауыстырған. Ленинград облысының тумасы қазір Қазақстанның үздік ойыншысына айналған. Дегенмен Бублик теннис жайлы мәлімдемелері мен бұл спортпен шұғылданғысы келмейтіні туралы сөздері арқылы көптің назарын өзіне аударған. 25 жастағы спортшы бүгінгі күнге дейін тек 1 титулды жеңіп алған. Ол Монпельедегі маусымда топ жарған еді. Финалда Бублик әлемнің үшінші ракеткасы Александр Зверевке қарсы ойнаған. 

Бубликтің тенниске деген көзқарасы командалық турнирлерге келгенде өзгереді деуге болады. Дэвис Кубогында Александр зейін қойып ойнайды. Сонымен қатар ол жұптық разрядта негізгі жеңістерге қол жеткізген. 2020 жылы Бублик Кукушкинмен бірге Australian Open жарысының финалына жетті. Ал 2021 жылы Андрей Голубевпен "Роллан Гарростың" финалына шыққан. 

Бубликтің сөзінше, Ресейде оған теннисші ретінде дамуға көмектеспеген. 

"Өткен жылы Ресейде өткен турнирде маған жалғыз жүруге туралы келді. Қазір мен Аустралияға отбасыммен және жаттықтырушымен бара аламын. Ал маусым алдындағы жиынды командамен бірге Майамиде өткізе аламыз. Айырмашалық өте көп, мәселе тек ақшада емес. Маған жаттығу және даму үшін керемет жағдай жасады. Менде қазір қажеттінің барлығы бар", – деді Бублик Қазақстанда құрамасына ауысқан соң 1 жылдан кейін.

Талқылау