Елена Рыбакина Қазақстан азаматтығының дәлелі ретінде төлқұжаты мен жеке куәлігін көрсетті
Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан азаматтығының дәлелі ретінде төлқұжаты мен жеке куәлігін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен Қазақстан азаматымын. Бірақ соңғы екі жылда мен әр апта сайын жарыстарға немесе жиындарға жиі барамын.Сондықтан үйде көп болмаймын", - деді Елена.
Сейсенбі күні түнде Елена Рыбакина Қазақстанға Уимблдоннан оралды. Астаналық әуежайда қазақстандық теннисшіні туыстары мен достары, шенеуніктер мен журналистер, сондай-ақ көптеген жанкүйерлер қарсы алды. Қазақстан Президенті өз жарлығымен Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі" Достық " орденімен марапаттады, ал бүгін Премьер-министр оған осы марапатты табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы 23 жасында Уимблдонда жеңіске жетіп, 2011 жылдан бергі турнирдің ең жас чемпионы атанған..
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген

