Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ата-анасы туралы сұраққа жауап беріп отырып, жылап жіберді
Қазақстан құрамасында өнер көрсететін мәскеулік теннисші Елена Рыбакина “Уимблдон” чемпионы атанғанын ата-анасы қалай қабылдайды деген сұраққа жауап беріп отырып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рыбакина финалдық кездесуде Тунистік әлемнің екінші ракетасын 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанды. Екеуі үшін де негізгі финал олардың мансабындағы бірінші финал болды.
"Олар мақтан тұтатын шығар. Эмоция көргілеріңіз келді ғой. Өзімді ұзақ ұстадым", – деді Рыбакина көзіне жас алып.

Финал аяқталып, марапаттау рәсімінен кейін жеңістен соң Рыбакина ешқандай эмоция білдірмеген соң сарапшылар мұның себебін түсінбей дал болған. Теннисші салмақты болып көрінді.
Рыбакина “Уимблдон” жеңімпазы атанған алғашқы мәскеулік және Қазақстанның бірінші өкілі болды.
Еске салсақ, Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға “Уимблдондағы” жеңісінен соң бірден Украинадағы соғыс туралы да сұрақ қойған еді.
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі

