Енді Отбасы банк арқылы ипотека өтейтін қазақстандықтар салықты аз төлей алады
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа салық нормасы күшіне енді. Бұл норма көпбалалы отбасыларға, Отбасы банк және басқа да банк арқылы ипотека рәсімдегендерге, оқу ақысын төлейтіндерге қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.
Көпбалалы отбасылар салық шегерімін қалай қолданады?
Биылдан бастап 4 және одан көп баласы бар ата-анаға салық шегерімі қарастырылады. Оны ата-ананың екеуі де пайдалана алады, дегенмен мөлшері 282 АЕК-дан (2025 жылы 1 АЕК – 1 108 824 теңгеге тең) аспауы керек. Көпбалалы отбасының ата-анасының біріне 90 436 теңге салық шегерімі беріледі. Ал екі ата-ана болса, ай сайын 47 184 теңге мөлшеріндегі салықтан босатылады. Бұл мүмкіндік отбасыға салықты ай сайын 9 000 теңгеге азайтуға көмектеседі.
Мысал: Бес баласы бар отбасыда ата-ананың екеуі де жұмыс істейді. Әкесі 350 мың теңге, анасы 300 000 теңге жалақы алады. Екеуі де 12 АЕК (47 184 теңге) мөлшеріндегі салық шегерімін қолдануды шешті.
Салық шегеріміне дейін төлейтін салық сомасы:
Әкесі: 350 000 теңге х 10% = 35 000 теңге
Анасы: 300 000 теңге х 10% = 30 000 теңге
Салық шегерімін қолданған соң төлейтін салық сомасы:
Әкесі үшін:
350 000 тг – 47 184 тг = 302 816 тг
302 816 х 10% = 30 281 тг
Үндемдеді: 35 000 тг – 30 281 тг = 4719 тг
Анасы үшін:
300 000 тг – 47 184 тг = 252 816 тг
302 816 х 10% = 25 281,6 тг
Үндемдеді: 30 000 тг – 25 281 тг = 4719 тг
Сонда жалпы алғанда бір отбасы айына 9438 теңге (4719 тг +4719 тг) немесе жылына 113 256 теңге үнемдейді.
Шегерімді қолдану үшін балалардың туу туралы куәліктерін көрсету керек.
Ипотека несиетін төлейтіндер салық шегерімін қалай қолданады?
Отбасы банк және басқа да банк арқылы ипотека рәсімдеп, оны төлеп жүрген азаматтар да банк сыйақысынан азайтып, салық шегерімі мүмкіндігін қолдана алады.
Мысал: Арманның жалақысы – 500 000 теңге. Ол ай сайын ипотекаға 200 000 тг төлейді. Бұл соманың 14%-ы, яғни 28 000 теңгесі – банктің сыйақысы. Ипотека төлеп жатқан адам салық шегерімін қолданса, былай есептеледі:
Салық шегеріміне дейін төлей салығы:
500 000 тг Х 10% = 50 000 тг.
Салық шегерімінен соң төлейтін салық сомасы:
500 000 тг – 28 000 тг (банк сыйақысы) = 472 000 тг
472 000 тг х 10 % = 47 200 тг
Үнемдейді: 50 000 тг – 47 200 тг = 2 800 тг (айына).
Сонда ол салық шегерімін қолданса, бұрынғыға қарағанда жылына 33 600 теңге салық аз төлейді.
Салық шегерімін қолдану үшін кадр қызметіне немесе бухгалтерияға мына құжаттарды тапсыруы керек:
1) ипотекалық тұрғын үй несиесінің келісімшарты;
2) ипотекалық тұрғын үй несиесін өтеу кестесі;
3) ипотеканы төлеп жатқанын растайтын құжат.
Оқу ақысын төлеп жүргендер салық шегерімін қалай қолданады?
Адам өзінің немесе заңды өкіл қамқорлығындағы 21 жасқа толмаған баланың мектепке дейінгі білімінің, техникалық және кәсіптік білімінің, орта және жоғары білімінің ақысын төлейтін болса, салық шегерімін ала алады. Салықтық шегерім жылына 118 АЕК-ге (1 АЕК – 463 976 ) дейін болады.
Мысал: Айсұлу 500 мың теңге жалақы алады. Ол қызының университеттегі оқуы үшін жылына 1 000 000 теңге төлейді. Ол салық шегерімін қолдануды шешті. Ол былай есептеледі:
Салық шегеріміне дейін төлеген салық сомасы:
500 000 теңге х 10% = 50 000 теңге (айына)
50 000 теңге х 12 ай = 600 000 теңге (жылына)
Салық шегерімін қолданған соң төлейді:
1 000 000 тг – 463 976 тг (118 АЕК) = 536 024 тг
600 000 тг – 536 024 тг = 63 976 тг
Сонда ол бұрынғыға қарағанда жылына 63 976 тг немесе айына 5 331 тг салық аз төлейді. Оны қолдану үшін азамат қызмет көрсету келісімшарты мен төлемді растайтын құжатты көрсетуі керек.