Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді мектепте ақша жинаған мұғалімдер жұмыстан қуылады

Алматы қаласында мектепте ақша жинауға қатаң тыйым салынған. Мұндай факті анықталған жағдайда, мектеп қызметкері жұмыстан қуылуы мүмкін.

Сурет: BNews.kz (көрнекі сурет)

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының орынбасары Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, кейде мектепте ақша жинауға қатысты шағымдар түсіп тұрады. Алайда тексерік кезінде ол ақшаның ата-аналардың бастамасымен жиналғаны анықталып жатады.

“Мектепке оқулық, кеңсе тауарларына, дәптерге, тағы басқа да құралдарға  ақша жинауға қатаң тыйым салынған. Кей жағдайларда ақша жинау фактілері келіп түседі. Білім бөлімі қызметкерлері барып тексергенде, көбіне оларға ата-аналар мұрындық болғаны анықталып жатады. Мектеп қабырғасында қаржы жинауға қатаң тыйым салынған. Егер де ойын-сауық орталықтарына жағдайы жететін ата-аналар мектептен тыс уақытта жиналса, қарсылығымыз жоқ, ал сыныптағы 25 баладан мәжбүрлеп ақша жинап, ондай шараларды ұйымдастыруға рұқсат жоқ”, –  дейді Ләззат Жылқыбаева.

Соңғы екі жылдан бері Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен тоқсан сайын мектеп директорлары мұғалімдер мен ата-аналар алдында есеп береді екен. Мұнымен қатар, жыл сайын барлық мектепке ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынғаны туралы ескертілген хат жіберіледі.

“Білім басқармасының сайты ана-алармен байланыс орнатқан. Егер ата-аналардан ақша жинау туралы шағым түссе қатаң шара қолданамыз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Білім басқармасы тарапынан ата-аналар комитеті қызметінің тиімділігін қарастыру басқарманың күн тәртібінде тұр. Себебі, ата-аналар комитеті тікелей қызметін ұмытып, мұғалімге ақша жинау мәселесімен айналысып кетеді”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қостанайлық мұғалім “ақылды киіз үй” ойлап тапты

Министр: Интернет қолданушылары өз әрекетіне жауап берулері керек

Астаналық көшеде түкіргені үшін 16 мың теңге айыппұл төледі

Шымкентте полиция қызметкері қыздың ішінен ұрып тастады (видео)

Талқылау