Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді Қазақстаннан ақша алып шығу қиын болмақ

Мәжіліс депутаттары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады.

Енді Қазақстаннан ақша алып шығу қиын болмақ

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, заң жобасында көзделген нормалардың орындалуы валюталық операциялар туралы ақпаратты таратуды кеңейтуге, валюталық бақылаудың тиімділігін арттыруға, оның ішінде елден ақша шығаруға қарсы тұруға мүмкіндік береді.

«Жұмыс барысында біз бұрын заңдармен реттелмеген және елден ақша шығарудың белгілері бар деп жіктелетін арналар бар екенін көріп отырмыз. Біз заңда Қазақстанға ақша аудармай несие алу, резидент еместерге пайызсыз кредиттер және екі жылдан жоғары мерзімде экспорт-импорт операцияларын жүргізу секілді осындай операциялардың бірнеше түрін қарастырдық»,-дейді Ұлттық Банк төрағасы.

Сондай-ақ, заң жобасында банктік құпияны қамтитын ақпаратты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетіне беру құқығы қарастырылған. Бұл шара қаржы бақылаушының пікірінше, елден ақша қаражатын шығаруға жүйелі түрде кедерді болады.

Тағы оқыңыз: 

Тоқтар Әубәкіров 40 жылдан аса отасқан орыс келіншегі туралы айтты

5 қызы бар: Шымкент тұрғыны ұл тумағаны үшін келіншегін тастап кеткен

Павлодарда биіктігі үш метр сәукеле мен алты метрлік қамшы жасалды

18 жастағы орыс қызы қазаққа келін болуды армандайды

Талқылау