"Енді қайталанбайды, уәде беремін": Алматыда адвокаттарды соққыға жыққан Тұрлыхановтың ұлы пікір білдірді
Қазақстанға белгілі спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов Динара Сәтжанның YouTube арнасына берген сұхбатында Алматыдағы даулы оқиғадан кейінгі ұлының мәлімдемесі туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Алматыда адвокаттар Анна Димитриевич пен Олег Черновқа кешкі уақытта шабуыл жасап, соққыға жығып кеткені хабарланған. Кейін соққыға жыққан азаматтың Тұрлыхановтың ұлы екені белгілі болған. Оның үстінен адвокаттардың шағымынан кейін қылмыстық іс қозғалған еді.
Журналист Тұрлыхановтан оның балаларының бәрі спортқа әуес пе және адвокаттарды ұрған ұлы күреспен шұғылдана ма деп сұраған.
- "Оны кешірмейміз": Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан зардап шеккен заңгер істің қалай жүріп жатқанын айтты
- "Кешірім сұраймын": Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекетіне қатысты пікір білдірді
"Ол дзюдомен айналысады. Бірақ барлығы емес. Үлкен ұлым жаттықтырушы, Алматыда жастарды жаттықтырады. Екінші ұлым мемлекеттік қызметте істейді, ол да бұрын спортпен - күреспен, дзюдомен айналысқан. Қазір түбегейлі мемлекеттік қызметке бет бұрды. Кіші ұлым айтады: "Әке, енді өзімді байсалды ұстайтын боламын, мұндай оқиға бұдан былай қайталанбайды, уәде беремін", - дейді Дәулет Тұрлыханов.