“Енді қалағанымды орындаймын”: Санда экс-продюсерінің өзіне көрсеткен қысымы жайлы ашық айтты
Эрик Тастембеков пен Санда осыдан алты ай бұрын арадағы қарым-қатынасқа тосыннан нүкте қойған болатын. Алғашқыда 7 жылдық келісім-шартқа отырған қос тараптың жұмысы 3 жылға дейін ғана жалғасқан. Бірақ продюсер мен әншінің не себепті екі жаққа кеткені бүгінгі күнге дейін жұмбақ болып келген еді. Алайда, уақыт емші! Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұxбат берген Санда бұл жолы желіде тараған ақпараттың ақиқатын айтуға әзір…
“Білесіз бе, қолға алған әр нәрсенің басы мен аяғы болады! Жаңа өмірді бастау үшін кейде қоштасу да керек шығар. Шынымды айтсам, Эрикпен ойымыз, пікіріміз бір жерден шықпады. Мінезіміз сәйкес келмеді. Соңында біз қатты ұрсысып тындық”,- дейді Эриктің экс-жобасы.
Жарты жылдан астам мерзім өтсе де, продюсер мен әнші әлі күнге дейін бір-бірінің бет-жүзін көрмеген. Тіпті, Тастембековпен тіл табыса алмаған Сандаға бұрынғы басшысының тарапынан түрлі тосқауылдар қойылып жатқан көрінеді. Мәселен, Эрик әншінің репертуарын толықтай өзі меншіктеп алған.
“Мені дәл қазіргі таңда түрлі жобаларға, саxнаға шақырып жатыр. Бірақ кезінде Эрик Тастембековпен бірге жазған әндерді айта алмаймын. Өйткені барлық әннің авторлық құқығы сол кісіде. Егер айтсам заң жүзінде мені жазалауы мүмкін”, – дейді тығырыққа тірелген әнші.
Бірақ еркіндіктің тәтті дәмін татқан талантты бикеш бүгінде қол қусырып отырған жоқ! Дәл қазіргі таңда Санда “ән мен сән” әлемін бір арнаға тоғыстыратын тың жобаны жүзеге асырып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, саxнадағы стилі мен ән айту бағытында өзгертпек ниетте екен. Өйткені, кезінде продюсері репертуар жасақтауда Санданың пікірімен санаспаған болып шықты.
“Мен ойлаймын ендігі айтатын бағытым жаныма жақын әндер болады. Мен Эрикпен жұмыс істеп жүрген кезде сондай әндерді айтайық дедік. Бірақ продюсердің таңдауымен болады ғой. Сондықтан мен өзімнің вокалдық қабілетімді толық көрсете алмадым. Дауыстың диапазонын, би жағынан да өзімді көрсету керек болды да. Енді продюсерсіз ойдағы жоспарымды жүзеге асырмақпын”, – дейді жеке шығармашылығына белсене кіріскен Санда.
Сонымен қатар, өнерді өмірім деп ұққан әншінің тұрмыс құру әзірге жоспарында жоқ болып шықты. Иә, сылқымның сезімін селт еткізер сері жігіт әлі кездеспеген. Алайда, жүрегінің жартысын жолықтырып үлгермеген Санда отандық шоу-бизнесте өзіндік дара жолын қалыптастыруды көздеп отыр.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Голливуд жұлдызы Дуэйн Джонсон қазақстандықпен бірге жұмыс істемек (видео)
Меруерт Түсіпбаева алғаш рет жалғыз ұлының әкесі туралы айтты
Есентаевтың қарындасы Алагөзовке арнап торт әзірлеген Айаруға ренішін жеткізді (фото, видео)
Тоқтар Серіков: Бар әйелді, бар баланы елден жасыру – күнә
Қызылордалық келін дінге бет бұрған енесінің сәлем салғызбай қойғанына ұялып жүр