Енді Еңбек министрлігімен WhatsApp арқылы байланысуға болады
Қазақстан азаматтары еңбек министрлігінің жауабын тез арада алып, заңының бұзылғаны туралы WhatsApp арқылы хабар бере алады.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов айтты.
“Министрлікке даулы мәселелерді шешу, еңбек ету үшін қауіпсіз жағдай туғызу, жұмысшыларды қызметтен босату туралы мәселелерді хабарлауға болады. Биыл ақпаратты тез арада алу үшін министрлікке халықпен WhatsApp арқылы байланысу ұсынылды. “, — деді Сарбасов орталық коммуникациялар қызметі брифингінде.
Атаалған қызмет 17 қаңтардан бастап іске қосылды.
8700 101 1414 нөмірі бойынша кез келген еңбек заңына қатысты сұраққа жауап ала аласыздар.
Тағы оқыңыз:
Қыстыгүні аяқ пен қолды сынудан сақтап, үсіп қалмау үшін не істеу керек
Ақтөбедегі өрттен аман қалған автобус жолаушылары ауруханадан шықты
Дәрігерлер Астанада аяғын үсік шалған қыздың хәлі туралы айтып берді
Қазақстанда жоғары оқу орнын тәмамдағандар ұрығын тапсырып ақша таба алады