Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде такси жүргізушілері жалпыға бірдей декларацияны тапсырулары керек

Такси жүргізушісі ретінде жұмыс істейтіндер немесе жолаушы тасымалдайтындар енді жалпыға бірдей декларациядан өтуі керек. Кез келген кәсіпкерлік қызмет енді тіркелуі міндетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

такси

Мемлекеттік кірістер комитеті өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің басшысы Нұржан Қуандықов мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы департамент басшысы кез келген кәсіпкерлік қызмет елде тіркелуі тиіс екенін атап өтті.

“Жалдамалы жұмыскерлері жоқ азаматтар шағын бизнеске жатады, олар үшін арнайы мобильді қосымша ретінде арнайы салық режимін қарастырдық. Такси жүргізушілері үйден шықпай-ақ мобильді қосымша арқылы тіркеліп, салық төлей алады. Мемлекеттік кірістер комитеті “Яндекс таксимен” бірлесіп, пилоттық жоба жүргізуде. Жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі. Бірінші кезеңде мемлекеттік қызметкерлер кірді. Екінші кезеңде — квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, бюджеттік қызметкерлер және олардың жұбайлары. Үшінші кезеңде – кәсіпкерлер, басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары. Егер такси жүргізушісі осы санаттардың біріне кірсе, онда біз оны аламыз. Егер такси жүргізушісі дара кәсіпкер болса, 2023 жылы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіреді, — деп түсіндірді Нұржан Қуандықов.

Оның айтуынша, ыңғайлы салық режимдері бар, оның аясында адам қызмет көрсете алады және аз мөлшерде салық төлеп, құқықтық салада жұмыс істей алады. Сондықтан мемлекеттік кірістер комитеті өздерін кәсіпкер ретінде тіркеуге кеңес берді.

Талқылау