Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді бұнымен айналыспаймын": Руслан Жанпейісов бостандыққа шықты

Руслан Жанпейісов есімімен танымал шымкенттік блогер Бейбарыс Райымбеков бостандыққа шықты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен бостандықтамын", – деп жазды блогер. 

 

Ол Otyrar.kz өңірлік басылымына алдағы уақытта қоғамдық жұмыстарға араласпай, өз кәсібін дамытатынын айтқан.

"Мен бостандыққа шықтым. Спортпен шұғылданамын. Өз кәсібім және жанұям бар. Жұмыс істеймін. Жақында достарыммен мотоциклмен шығамын. Ал қоғамдық істерге келсек, енді бұнымен айналыспаймын. Ешқандай пайда жоқ", – дейді Руслан Жанпейісов.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қалалық соты былтыр 30 шілдеде үкім шығарып, Руслан Жанпейісов бір жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Райымбеков жәбірленушіге орташа ауырлықтағы дене жарақатын қасақана келтіргені, сондай-ақ билік өкілін қорлағаны және телекоммуникация желісінде бейнежазба таратқаны үшін кінәлі деп танылды.

Белсенді бостандыққа шыққан соң полиция қызметкерлерін видеоға түсірмеуге уәде берді.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 08 Шілде, 2021 09:34
Талқылау