Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді атына алаяқтар несие рәсімдеп тастаған азаматтар қарызын өтеуге міндеттеледі

Қазақстанда атына алаяқтық жолмен несие рәсімделген азаматтарр қарызын қайтаруға міндеттелуі мүмкін. Егер тергеу барысында тұтынушының алаяқтарға жеке деректері мен құпиясөзді бергені расталса, қаржы ұйымы алашағын өндіріп алуға құқылы. Бірақ мұндай жағдайда несиеге өсімпұл жүрмейді, ал борышкер тек негізгі несие сомасын өтеуге тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

несие
Алдағы уақытта заң бойынша атына алаяқтық жолмен азаматтар "зардап шегуші" болып танылады. Ол үшін тұтынушының еркінен тыс мәліметтері өзгертіліп, қаржылық операциялар жасалғаны нақтылануы керек. Бұл дерек дәлелденген жағдайда тергеуші арнайы қаулы енгізеді. Соның негізінде мұндай микрокредиттер бойынша өсімпұл есептелмейді. Әрі микроқаржы ұйымы үш күн ішінде берешекті өндіріп алуға және талап-арыз жұмысын тоқтатуға міндеттеледі.

Сонымен қатар сот шешіміне сәйкес азаматтың қарыз алмағанын растайтын құжат күшіне енген жағдайда қаржы ұйымы берешекті есептен шығаруы керек. Оған 15 күн уақыт беріледі. Әрі борышкердің несие тарихы да түзетіледі. Сосын банк бұрын өндіріп алған немесе тұтынушы өтеген соманы қайтарады.

Бірақ тергеу кезінде жәбірленушінің алаяқтарға несие рәсімдеуге көмектескені, яғни дербес деректері мен құпиясөзін бергені нақтыланса, микроқаржылық ұйымдар берешегін өндіруге құқылы. Бірақ бұл ретте кредитке өсімпұл, пайыз жүрмейді. Тұтынушы тек негізгі соманы төлеуі қажет.

Талқылау