Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери борышын өтеп келген қазақстандықтар ҰБТ тапсырмай-ақ университетке оқуға түсе алады

борышын өтеп жүрген сарбаздарФото: Видеодан скрин

Енді елімізде әскери борышын өтеп келген азаматтар ҰБТ-ны тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына ақылы түрде түсе алады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыған студенттер грантты "өтеу" міндетінен босатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Жетінші арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тиісті түзетулер енгізілген заңға қол қойды. Енді жаңа заң бойынша әскери қызметті қайта-қайта шегеруге тыйым салынады. Әскерге шақыру туралы хабарламалар eGov арқылы жіберіледі.


Алматы облысында жігітті күштеп әскерге әкетіп, артынша психиатриялық диспансерге жақындарының рұқсатынсыз жатқызып тастаған


Назарбаев университетіне қабылданған студентті әскерге күштеп әкетуге қатысты тергеу басталды


Сонымен қатар басқа да әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған: 

қызметтен босату кезеңінде білім беру грантын қорғау; 

жұмыстан босатылғаннан кейін келісімшарт негізінде қызметке қайта кіруді жеңілдету; 

15 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметкерлердің балалары әскери жоғары оқу орындарына түсу кезінде артықшылық алады.

Қазақстандықтардың пікірінше, жаңа заң әскерге шақырылғандарды қосымша ынталандырады. 

"Уақытында әскери қызмет еттім, Отан алдындағы борышымды өтедім" деген сынды салауатты патриотизм болуы керек", "Үлкен қолдау болып жатыр. Жастар міндетті түрде әскери борышын өтеуге тиіс. Бәріміз осындай жолдан өттік. Жастарға қолдау білдіру керек", "Қорықпау керек, десанттық қызметке түссең, парашютке үйренесің. Әскерде ешқандай кемшілік көрмедім, Алла қаласа биыл университетке түсемін, мамандығым байланыс қызметкері", – деді қазақстандықтар.

Айта кетейік, бұған дейін енді қазақстандық жігіттер әскерге шақыру қағазын электронды түрде, яғни SMS арқылы және eGov порталындағы жеке кабинетінде алатыны туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 18 Шілде, 2025 12:47
Талқылау