Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"35-көлігімді мініп жатырмын": Айнұр Тұрсынбаеваның бауырлары туған күніне көлік сыйлады

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаеваның бауырлары оған көлік мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі туған күнінде ата-анасының үйінде болды. 

“Туған күнді тойлауға қатты құмар емеспін. Көптен бері өз үйімде болмадым деп, бүгінді туыстарыма арнадым.. Қайын жұртым, бауырларым, құдаларым – бәрі біздің қара шаңырақта жиналдық. Аллаға шүкір!”, – деп жазды айтыскер ақын. 


  • "Иттің баласы, үніңді өшір": Айнұр Тұрсынбаева баласына дауыс көтеретін аналарды сынады

  • "8 наурыз дегенді білмейді": Айнұр Тұрсынбаева жолдасының берген сыйлығын көрсетті


Отырыстан кейін айтыскер ақынға тосынсый жасалды. Бауырлары су жаңа салоннан көлік мінгізді. 

“Барлық көрген жақсылығыма шүкір еттім. Осындай көлікті 500 адамға мінгіземіз.  

“50 мың адамға жұмыс беріп, 5000 қазақты миллионер қылғанша жүгіремін. Мен үшін ең үлкен сыйлық – дұға. Кіші сіңлім Гауһарды көп адам біле бермейді. Инстада көп көрінбейді, жұрттың алдына шыққысы келмейтін алтыным. Мына көлікті сіңлім Арайлымға сыйлаймын”, – деді коуч-психолог. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 02 Мамыр, 2025 13:12
Талқылау