AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді 16 жасқа толмаған қазақстандықтар электр самокатын тізгіндей алмайды

Қазақстанда электр самокаттарын жүргізуге жас шектеуі енгізілмек. Енді 16 жасқа толмаған жасөспірімдер скутерді тізгіндей алмайды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Электр самокатын жүргізушілерден жеке куәлік талап етілмейді. Тек міндетті шарт болады. Электр самокатымен жолға, веложолға, қоғамдық көлік жолағына немесе тротуарға шығатын жүргізушінің жасы 16-дан асқан болуы керек", - деді Мұраталиев. 

Электр самокаттар түнгі уақытта жақсы көріну үшін фарлармен және катафоттармен жабдықталуы тиіс. 

Өзгерістер биыл "Жол жүрісі туралы" заңға, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және жол жүру ережелеріне енгізіледі. 



Айта кетейік, шілде айының басында Қазақстанда электр самокаттары үшін стандарттар бекітілді. Жаңа ереже бойынша, самокатқа тек бір адам міне алады. Оның жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы тиіс. Ал сағатына 50 шақырымнан аса жүретін самокат жүргізушілері А1 санатындағы жүргізуші куәлігіне ие болуы тиіс. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр