Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады
Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 99 887 теңгеге тең. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2021 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сәйкес елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 229 мың адамға тең болған. Қаңтардан қыркүйек айына дейін республика бюджетінен негізгі зейнетақы төлемдері үшін 614,9 млрд теңге, ынтымақты төлемдер үшін 1 трлн 390,1 млрд теңге бөлінген.
Қыркүйек айында зейнетақы төлемдеріне бюджеттен 221,2 млрд теңге бөлінді. Оның 67,9 милрд теңгесі негізгі зейнетақыға, 153,3 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға арналған.
Министрлік мәлімдегендей, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік негізгі зейнетақы төлемі әр азаматтың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай жеке тағайындалады.
Алматының үздік мұғаліміне пәтер кілті табысталды
Сонымен қатар зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылы 1 қаңтарынан басталатын еңбек өтілі мен міндетті зейнетақы жарнасы төленген мерзім қосылады.
Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жылға тең болса, негізгі зейнетақы мөлшері күнкөріс минимумының 54% құрайды. Әрі қарай, 10 жылдан кейін әр жыл сайын оның мөлшері 2% өсіп отырады. Мысалы, жүйеге қатысу өтілі 20 жыл болса, зейнетақы күнкөріс минимумының 74%, 30 жыл болса, 94% тең болады. Егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 33 жылдан асса, зейнетақының максималды көлемі – күнкөріс минимумының 100% тағайындалады.
Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорына бір айдың көлемінде міндетті зейнетақы жарнасы бірнеше рет аударылса, жинақтау жүйесіндегі өтілі бір айды құрайды.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарнасы қаншалықты тұрақты әлі толық көлемде аударылып отырса, зейнет жасына жеткенде негізгі зейнетақы төлемі де көп болады.
Жас мөлшеріне байланысты зейнетақы төлемдері еңбек өтілі мен айлық орташа табысының көлеміне қарай тағайындалады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
