Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еңбек сіңірген қайраткер" атағын алғым келген": Әнші Amre атақ бұйырмағанына ренжіп қалды

Фото: Жеке парақшадан алынды

Халыққа Amre атымен танылған Ернар Садырбаев өнерде жүрген жылдарында ешқандай атақ алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, Әлішер Каримов "Қазақстанның Халық әртісі" атағын алған еді.

"Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты. Еш реніш емес, 30 жасыма дейін "Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алу деген пенделік арманым болған. Кейінге қалады. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын", – деп жазды ол. 


  • "25 жылдық өнерімді көрмеген": Жұлдызай Дүйсенбиева су жаңа атағын сынағандарға ренішін жеткізді

  • "Тәңірберген қайда екен?": Атақ алған Зарина Омарова сынға қалды


Еске салайық, Ақбота Керімбекова марапат алған әріптестерін сынап тастаған еді. 

"Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! "Ерен еңбегі үшін", "Құрмет", "Парасат", "Даңқ". Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?! – деп ашуланған еді ол. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 14:12
Талқылау