Қазақстанда сауалнамаға қатысқандарға 50 мың теңге сыйақы берілетіні туралы ақпарат тарады
Халыққа онлайн сауалнама жүргізіп, кейіннен 50 мың теңге мөлшерінде сыйақы төлейтіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банк шоттарына қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертті.
"Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмау үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сондай-ақ жалған ақпаратты таратқандар заң бойынша жазаланатынын еске салды.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді