Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрі: Ресейден мамандар келген жағдайда қазақстандықтар жұмыссыз қалмайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Ресейден мамандар жаппай келген жағдайда қазақстандықтар жұмыссыз қалмайтынын айтты. Сөзінше, министрлік еңбек нарығын бақылап отыр, бірақ ресейлік азаматтардың елге жаппай келуі байқалмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шапкенов

"Қазақстан, Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстан – біртұтас экономикалық ұйым мүшелері, сондықтан олар бұл мүмкіндікті еш кедергісіз қолдана алады. Олар бұған дейін де біздің елде жұмыс істей алатын. Егер жаппай келетін болса, жұмыс орындарында бақылау өтеді. Бірінші кезекте біздің жұмыспен қамту орталықтары арқылы Қазақстан азаматтары жұмысқа орналастырылады", – деді министр.



Шапкенов түрлі онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығы туралы да айтты.

"Қазір әлем бойынша түрлі платформа арқылы жұмыс істеудің дамығаны байқалады. Бір кемшілігі – жұмысшының құқығын қорғау. Өкінішке орай, бұл мәселе қазір реттелмейді. Министрлікте мұны өзге елдердің тәжірибесін зерттей отырып, заңдық негізде ретке келтіру үшін жұмыс тобы құрылды", – деп қосты ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек министрлігі жұмыс берушілерді қызметкерлердің жалақысын көтеруге шақырған еді. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 10 Наурыз, 2022 11:08
Талқылау