Еңбек министрлігі жұмыс берушілерді қызметкерлердің жалақысын көтеруге шақырды
Шенеуніктер әкімдіктерге үш мыңға жуық ірі кәсіпорындардың тізімін жіберіп, қызметкерлерінің ақысын көбейтуге шақырды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр үш миллионнан астам қазақстандық қызметкер 157 мың теңгеден төмен жалақы алды. Статистиканы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеткізді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов бұл туралы ведомствоның кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Ол еңбек қатынастарын реттеу мәселелері ерекше бақылауда екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Ведомство басшысы бүгінгі таңда жалақы бойынша қарыз 900 миллион теңгеден асатынын айтып өтті. Осы жылға арналған жоспарлар туралы айта келе, министр қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша шараларға ерекше назар аударылатынын жеткізді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”